Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Газет халықтың керегі болып қала береді - АРҚА АЖАРЫ

Газет халықтың керегі болып қала береді

«Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында жаңа 2025 жылға арналған «Баспасөзге жазылушы» күні болып өтті.

Оған облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерімен қоса, қалалық «Көкшетау», «Степной маяк» және «Кокшетау сегодня» газеттері қатысып, өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынып, жаңа жылға баспасөзге жазылудың басталғанынан хабардар етті.

Іс-шараның ашылуында «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Талғат Молдарахимов және директордың орынбасары Мұрат Қазбеков құттықтау сөзсөйлеп, газеттермен бірлескен жұмыстың болашақта да қиындығы бірге еңсеріліп, тиімді тұстарының жалғасатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде «Степной маяк»» газетінің бас редакторы Евгений Кимов газеттердің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып қала беруі үшін оқырмандардың да атсалысуына ықыласты болуын атап көрсете келе, «Қазпошта» акционерлік қоғамының өткізіп отырған ізгі шарасына әріптестері атынан ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, шара барысында әсем әуен мен, күмбірлеген домбырадан күй ойнап, бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлерімен баспасөзге жазылушылар арасында газет туралы жағымды ақпараттар паш етіліп, жазылым жалғасын тапты.

Бүгінгі ақпараттық-технология қарыштап дамыған қоғамда ғаламтор айнымас серігімізге айналғандай. Десе де, ғаламтормен жұмыс істеу тиімді әрі жедел болғанымен, ондағы ақпараттың дәлдігі мен шынайылығына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал, газет беттерінде нақты мәліметтер ғана жарияланады. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, жан дүниеңді байытып, ой-өрісіңді өсіретін, ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін де осы басылымдар емес пе?! Қажет ақпаратты газетті қолмен ұстап, сезініп оқыған көңілге де қонымды, жүрекке де жақын.

Газет – қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі. Ел азаматтарының игі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын айтқан журналистердің шынайы сөздерін газет бетінен ғана табатыныңызды ұмытпаңыз. Газет оқу бұл – зиялылықтың да белгісі. Сондықтан, оқырмандарымызға Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне жазылыңыздар, басқа да басылымдарды ұмытпаңыздар демекпіз.

 Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар