Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті 2025 жылға жазылу бағасы

Біз оқымасақ, кім оқиды «Арқа ажарын»?!

Ежелгі Қараөткел мен Көкшетау өңірінің халқы Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің шынайы жанашыры, оқырманы болып келе жатқаны анық. 1917 жылы негізін «Тіршілік» деген атаумен ақиық ақын Сәкен Сейфуллин қалаған бүгінгі «Арқа ажары» газетінің бай тарихы бар.

Уақыт кемеріндегі жағдайларға байланысты, яғни, Интернеттің келуі және әлеуметтік желілердің орнығуына орай мерзімді басылымдарға, газеттер мен журналдарға деген сұраныстың азайып кеткені бар.

Міне, осыған қарамастан облыстық «Арқа ажары» газетіне өңір жұртшылығы 2025 жылы белсенді жазылар деген сенімдеміз!

Ұлттық тілде жарық көретін облыстың бас басылымы –  «Арқа ажары» газетін біз оқымағанда кім оқиды?!

***

Қалаларда  тұратын жеке  жазылушылар үшін индексі  65449, бағасы 6 айға–3909 теңге,12 айға – 7818 теңге, қалалық ведомостволық ұйымдар үшін индексі 15449, бағасы 6 айға – 8892 теңге,  12 айға – 17785  теңге.

Ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін индексі  65449, бағасы 6 айға – 3909 теңге, 12 айға – 7818 теңге, ауылдық ведомстволық ұйымдар үшін индексі 15449, бағасы 6 айға – 5909 теңге, 12 айға – 11818 теңге.

Жеңілдікпен жазылушылар үшін индексі 55449, бағасы 12 айға – 5818 теңге.

«Арқа ажары» газетіне 2025 жылға «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінде жазылуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар