Бақылау органы артық әрекетке барған

Бұланды ауданы прокуратурасының Мобильді тобына ұйымның банктік шотын бұғаттау мәселесі бойынша ЖШС басшысы жүгінді.

Тексеру жүргізу кезінде бақылау органы ЖШС өкілдерін тағайындау, тексеру нәтижелері туралы актілермен, сондай-ақ, шығарылған нұсқамамен таныстырмағаны анықталды.

Бұдан әрі тексеру материалдары банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жолымен 20 есе еселенген салықты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша тексеріс заңсыз деп танылды және күші жойылды, 700 мың теңгеден астам сомаға 20 есе еселенген салық бойынша ақшалай қаражат қайтарылды.

Ақмола облыстық прокуратурасының материалдары
бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар