Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәлім-тәрбиемен жөнге келеді - АРҚА АЖАРЫ

Тәлім-тәрбиемен жөнге келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік мекемелерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өткізіп, онда қоғамды меңдеген дерт – жемқорлықтың алдын алу шаралары сөз болды.

Баспасөз мәслихатына Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов, өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының айтуына қарағанда, қоғам арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ашық келісім акциясы қолға алынған. Аталған жобаның артықшылығы оған қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар және өзге де азаматтар қатыса алады.
– Қазіргі кезде келісімнің 17 мыңнан астам қатысушысы бар. Оған қоса облыс аумағында жоғары және орта білім беру орындарының студенттері мен оқушыларының қатысуымен «Адал жол», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты шаралар жүзеге асырылуда, – деді Берген Беспалинов.
Сонымен қатар, Валентина Геращенко мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қолдау көрсетілетін атап өтті.
Ал, Ольга Ковалеваның сөзіне қарағанда, мектеп оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет құру бағытында облыс бойынша 694 ашық сабақ және жеті жүзден астам мектептен тыс жұмыстар атқарылған. Оған қоса, қаржылық сауаттылық апталығы шеңберінде бірқатар шаралар жүзеге асырылғаны да айтылды.
Брифинг барысында журналистер осы күні кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан кездесетін жемқорлықпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрап білді.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар