Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және ирригация министрлігіне Республикалық бюджеттен облыстың бірқатар аудандарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіруге, жағалауларды қорғау және тереңдету жұмыстарына қаражат бөлу туралы сауал жолдады.

Депутаттық сауалды қарау қорытындысы бойынша Ақмола облысының әкімдігіне «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорынан су тасқынынан зардап шеккен Аршалы, Астрахан, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарында қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 6 жобаны іске асыруға 10,4 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар