Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нәтижесі көріне түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Нәтижесі көріне түсуде

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданда мерекелік шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Оған зиялы қауым  өкілдері мен еңбек ұжымдары, ауыл шаруашылығы қызметкерлері белсене қатысуда.

 

Биылғы жылы Целиноград ауданының диқандары күрделі ауа райына қарамастан, егінжай алқаптарынан мол өнім алды. Жалпы алғанда 293 мың тоннадан астам астық жиналып,  өнім түсімі әр гектардан орта есеппен алғанда 12,1 центнерді құрады. Жуырда «Целиноградское» несиелік шаруашылығының  ұйымдастыруымен  өткен   Ауыл  шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиында бұл жөнінде аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев хабардар етті. Әкімнің айтуынша, ағымдағы жылы аграрлық саладағы жалпы өнім түсімі 16,8 миллиард теңгені құраған. Жалпы көлем индексі 111,3 пайызға асыра орындалды. Осы жылдың 10 айында ет өндіру 12,4 мың тоннаны құрап,  сүт өндіру 2,7 пайызға артты.
–Мен ауданымыздағы ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін тектен текке келтіріп отырған жоқпын, осындай ауқымды нәтижелерге қол жеткізуде  «Целиноградское» несиелік серіктестігінің қосып отырған үлесі қомақты,–деді өңір басшысы өз сөзінде,–2004 жылы «Целиноградское» несиелік серіктестігі 24 миллион теңгелік жарғылық капиталмен құрылған-ды. Бүгінде, арада 12 жыл өткенде несиелік серіктестік республикамыз бойынша ең жоғары «А» рейтингіне ие, жарғылық капиталы 210,2 миллион  теңгеден асты. Ауданымыздың ең ірі қаржы серіктестігінің құрамына қазірде  51 ауыл шаруашылығы құрылымы енген.
2016 жылы Целиноград ауданының егістік алқабы 230 мың гектарды құрады, оның 111 мың гектары «Целиноградское» несиелік серіктестігінің иелігінде. Несиелік серіктестік құрылған кезден бастап қаржылық қолдауды 4,7 миллиард теңгеге арттырды. Негізгі техникаларды сатып алу үшін 2,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 216 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары, 1544 бас ірі қара мен ұсақ мал және жылқы  сатып алынды. Бүгінгі күні несиелік серіктестік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық» мемлекеттік бағдарламаларына қатысушыларды қаржыландырып отыр.
Мерекелік жиында аудан әкімі  Мәлгаждар  Тәткеев пен «Целиноградское» несиелік серіктестігінің басқарма төрағасы Сағадат Әшебеков  осынау игі шараға орай, озат ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Суретте: «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы Қанат Теміров пен «Целиноградское» несиелік серіктестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сағадат Әшебеков.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар