Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пайдаланылмаған жер телімдері қайтарылды - АРҚА АЖАРЫ

Пайдаланылмаған жер телімдері қайтарылды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін адал пайдаланушыларға беру үшін мемлекет меншігіне қайтару тапсырылған болатын.

Ерейментау ауданының прокуратурасы осындай пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шараларын тұрақты түрде қолға алып келеді. Ағымдағы жылы қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 миллион теңгені құрайтын, жалпы ауданы 15 мың гектар, үш жылдан астам өз мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 миллион теңге 59,2 мың гектар 8 жер телімін қайтарып алу бойынша азаматтық істер сотта қаралуда.

***

Атбасар аудандық прокуратурасы «Атбасар су» ШЖҚ МКК-ның қызметінде «Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса…» тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады.

Атап айтқанда, кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізген. Қадағалау актісінің нәтижесі бойынша бюджеттік ұйымдар үшін ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы тарифтер 20 025,16 теңге/Гкал-дан 16 398,62-ге дейін, ал, заңды тұлғалар үшін 8 007,42-ден 6 557-ге дейін төмендетілді.

Осылайша, жергілікті тұтынушылардың, оның ішінде 424 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар