«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен Еркіншілік ауылының мәдениет үйі салтанатты түрде ашылып, ауыл халқына пайдалануға берілді.
Мәдениет үйінің ашылу салтанатында лента қию рәсімін аудан әкімі Нұрлан Мұқатов, мәдениет үйінің меңгерушісі Фомина Александра және айтыскер ақын Қабдыжәлел Сахария жасап, жиналған қауымға жылы лебіздерін білдірді.
Республика күні есігін айқара ашқан мәдениет ошағында мерекелік концерт ұйымдастырылып, спорт алаңында қазақ күресінен балалар арасында аудандық белдесулер өтті. Ашылу салатанатына келген қонақтардың қарасы қалың болып, ізгі тілектерін жолдады. Ерейментау аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, ауданның жастар рестурстық орталығының ұжымы және еріктілер осынау қуанышты шараға белсенді ат салысты.
Қазіргі таңда Еркіншілік ауылындағы мәдениет үйінде ән-би, айтыс үйірмесі, сондай-ақ, ауылдық кітапхана, күрес залы, спорт залы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Төрт мыңға жуық халқы бар Еркіншілік ауылының мәдениет үйі ендігі арада мәдени ортаның мәйегіне айналмақшы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.