Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» - АРҚА АЖАРЫ

«Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы…»

Осындай тақырыппен Көкшетау қаласында еліміздің Абай атындағы мектептерінде білім алатын оқушылар арасында шешендік өнер байқауы болып өтті. Алдымен осы іс-шара аясында  облыс орталығындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Абай мектептері» педагогтарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті: шешендік өнерді дамытудағы өзекті мәселелер мен жетістіктер» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.

Келесі күні 12 өңірден келген 24 оқушы облыс орталығындағы «Болашақ» сарайында V республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы…» деп аталатын шешендік өнер байқауында өзара бақ сынасты.

Салтанатты шараны Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева құттықтау сөз сөйлеп ашып, шешендік өнерді меңгеруге талпынған талабы мол оқушы балаларға ақжолтай тіледі. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Ділмар» сайыс жобасының авторы, журналист Жарқын Сәленұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

– Осы іс-шараның мақсаты – білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөз өнеріміздің тарихи-мәдени және этномәдени болмысын тану, сөз құндылығын бағалау, ұлттық тәрбие беру, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру және шешендік өнерді жаңаша үлгіде жандандырып дамыту болып табылады, –  деді ол.

Екі бөлім, 4 кезең бойынша өткен сөз өнері байқауында қатысушылар алғаш рет жұптық, командалық сайыста өзара бақ сынасты. Тарқатып айтар болсақ, бір мектептен келген екі оқушы өзге өңірдің мектебінен келген екі оқушымен жеребе арқылы жұптасып сайысты. Бұл – оқушылардың сөйлеу шеберлігін дамытуға жасалған жаңа әрі тың әдіс. Қатысушылар тақырыптарды жеребе арқылы таңдап жұптасты. Байқау тақырыптары жеті бөлімдерге негізделген тапсырмалардан құрылды. Атап айтқанда, «Ұлттық құндылық», «Алашшыл жас», «Іскерлік – ісмерлік», «Абайдың тәлім мектебі» және тағы басқа тағылымы мол, танымы терең тақырыптар  төңірегінде оқушы балалар өз білімдерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Алматы қаласының намысын қорғаған Амина Смағұлқызы мен Тақылбек Айсымбат жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынды Ұлытау облысынан келген Інжу Тілеулі мен Рауан Жақсылық және Батыс Қазақстаннан келген Айым Хамидуллина мен Аяна Мәлік иеленді.

Алматы облысынан келген Ақерке Нұржанқызы мен Нұрсұлтан Орынбасар және Астана қаласының намысын қорғаған Аяжан Азаматқызы мен Ғабит Рүстемов өзара жүлделі екінші орынды бөлісті.

Қарағанды облысының өкілдері Жібек Қалияқпар мен Аяла Әлқазы және  ақмолалық Ажар Жанұзақ пен Фариза Шаменова  жүлделі үшінші орынмен марапатталды.

Барлық қатысушыларға ұйымдастыру алқасының арнайы  сертификаттары және  жүлдегерлер мен жеңімпаздарға естелік сыйлық пен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар