Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Степногорск игі өзгерістерімен қуантуда - АРҚА АЖАРЫ

Степногорск игі өзгерістерімен қуантуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин Степногорск қаласына жұмыс сапары барысында Ақсу кентінде орналасқан «Қазақалтын» тау-кен комбинаты» АҚ-ның алтын өңдеу фабрикасының жұмысымен танысып, бірқатар білім беру нысандарында, сондай-ақ, жаңадан ашылған «Смол» супермаркет желісінде болды.

Облыс басшысы алдымен Ақсу кентіндегі техногендік минералды құрылымдарды өңдейтін фабрикада болды. «Қазақалтын» тау-кен комбинаты» АҚ-ның басқаруындағы кәсіпорын құрамында алтыны бар кенді өңдеумен айналысады. Мұнда өңделіп, құрамында жетпіс пайызға дейін алтыны бар ұнтақ Астанадағы байыту фабрикасына жөнелтілуде. Сөйтіп, онда таза құйма алтынға айналады. Бүгінде екі жүзден астам адам еңбек ететін фабрика жаңа технологиямен жұмыс істейді. Қазіргі күні өндіріс көлемін арттыруға жағдай жасайтын жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр. 2015-2019 жылдарға арналған жобаға акционерлік қоғам 206 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсамақ. Осыған орай, жаңа озық технологиямен жұмыс істейтін үш байыту фабрикасы салынбақшы. Олардың екеуі Степногорск қаласының аумағындағы Бестөбе және Ақсу кенттерінде орналасады. Мұның өзі өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуға да игі ықпалын тигізетін болады. Облыс басшысы жаңа жобаны республикалық Индустрияландыру картасына енгізу қажеттігіне назар аударды.
Бұдан кейін облыс әкімі Ақсу кентіндегі №1 орта мектепте болып, осында өтіп жатқан семинарға келген қала мектептерінің бір топ мұғалімдерімен кездесті. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептің салынғанына отыз жылдан асқан. Білім ошағында волейбол, баскетбол, футбол сияқты спорт түрлерінен әлденеше секциялар жұмыс істейді және мектеп командасы қалалық, облыстық жарыстарға үнемі белсене қатысып жүреді. Облыс басшысы қажетті жобалау құжаттары дайындалса, алдағы жылы күрделі жөндеу жүргізу қажеттігіне көңіл бөлді.
Облысымызда «Смол» супермаркет желісі алғаш рет Көкшетау қаласында ашылған еді. Енді міне, таяуда Степногорск қаласынан да ашылып, аз уақыттың ішінде жұртшылықтың көп келетін сауда орнына айналып отыр.  «Смол» брендімен сатылатын тауарлар сапасымен және бағасының біршама төмендігімен жұртшылықтың қызығушылығын туғызуда.  Мұнда шынында да, баға өзге сауда орындарымен салыстырғанда біраз төмен екен. Мәселен, бір келі пияз  59 теңге, сәбіз – 83, қырыққабат – 67 теңге болса, қызылшаның келісін  125 теңгеге, ал, бес литрлік өсімдік майын 1800 теңгеге сатып алуға болады. Облыс басшысы ең алдымен, отандық тауарларға назар аударды. Тұтынушылар тарапынан оң бағасын алған Зеренді ауданындағы «Милк прожект» серіктестігі сияқты өз өңіріміздің өнімдерін сатуға жете көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.  Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтеруге жол беруге болмайтынына назар аударды.
Бұрынғы балалар үйі қайта жаңғыртылып, «Балауса» балабақшасына айналдырылды. Мұның өзі  мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейін көтеріп, осы өзекті мәселені шешуге оң ықпалын тигізіп отыр. Облыс басшысы балабақшаны аралап көріп, атқарылған жұмыстың жайымен таныс-ты. Мұнда қазақ және орыс топтары бар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топ ашылмақ. Жаңа балабақшада бүлдіршіндерге арналған барлық жағдай жасалған, тіпті шомылатын шағын бассейнге дейін бар. Балабақша ұжымымен кездескен өңір басшысы бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында оңтайландыру шаралары жүргізіліп отырғандығын, қаладағы бұрынғы шағын кешенді балалар үйінің барлық жағдай қарастырылған Ақкөл балалар үйіне ауыстырылуы осыған орай жүзеге асырылғандығын айта келе,  ұжым мүшелерінің бірде-бірі жұмыссыз қалмауына назар аудару керектігін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар