Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсылықты – қылқаламмен - АРҚА АЖАРЫ

Жақсылықты – қылқаламмен

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының  «Мәдениет және руханият»  күні аясында,  «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық  және зерттеу орталығы»  қоғамдық қоры  жас суретшілер арасында  «Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін»  сайысын ұйымдастырды.

Байқауға 6 және 20 жас аралығындағы авторлардың қылқаламынан туған қырыққа жуық жоба ұсынылды. Жас суретшілер  кескіндеме, майлы бояу, гуашь, акварель мен  қолданбалы өнердің алуан түрлі әдістерін қолданылу арқылы  азат еліміздің бүгіні мен болашағын өздерінің туындыларында жан-жақты көрсетуге тырысқан.  Ересек, орта және кіші топтардан құрылған байқауға қатысушылардың жұмыстарын  Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Юрий Попов, Көкшетау қаласындағы балалар көркем сурет мектебінің  ұстаздары Данагүл Рақымжанова  мен Руслан Эгамов  бағалады.
Шара барысында суретші Данагүл Ермекқызы болашағынан үміт күттіретін жас суретшілер буынының қалыптасып келе жатқандығын қуана  айтты. Ал, байқау қорытындысы бойынша  6-10 жастағы санат бойынша  бірінші орынды жеті жасар Ангелина  Каплена, 11-17 жастағы жасөспірімдер  арасынан Көкшетау қаласының №7  орта мектебінің сегізінші сынып оқушысы Нұржан Біржан  жеңіп алды. Ересек топтар арасынан Ақкөл ауданының балалар шығармашылығы мектебінің түлегі Нұргүл Байзұлованың суреті ерекше көзге түсіп, жоғары баға алды. Байқауға қатысқан барлық суретшілер  ұйымдастыру алқасының Алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға  ие болды.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар