Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әзілдерімен өмірге нәр берген - АРҚА АЖАРЫ

Әзілдерімен өмірге нәр берген

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық филармонияда өткен «Жайдарман» көңілділер мен тапқырлар клубының ширек финалының шымылдығын Целиноград құрама командасы ашты.

 

Қағытпа әзілдің астарынан көптің көңілінде жүрген мемлекеттік тілдің қолдану аясын аңғармасқа болмайтындай. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Ұтымды ой, астарлы әзіл. Ұйымдастырылған бұл мәдени шара «Қазақстан КВН Одағы» Ақмола облысы бойынша Көкшетау филиалының ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш шарада «Нұр Отан» партиясының  Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетов сөз сөйлеп,  қатысушыларға ақжарма тілегін арнады.    
Жарысқа Ақмола облысы мен қатар Астана, Қостанай, Рудный қалаларының барлығы 22 құрама қатысты. Олардың арасында үздік деген 14 топ жартылай финалға жолдама алып, өз көрермендерін қуантты. Сайыстың екінші кезеңінде өнер көрсеткен он командадағы  әзілкештер үлкен дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды. Осы орайда, біз  көрермендерді де сөзге тартып, өз ойларын ортаға салуларын өтінген едік. Солардың бірі Көкшетау қаласындағы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Абылай Тыныштықұлы. – Маған құрамалардың басым көпшілігі ұнады. Әсіресе, «Целиноградтық» жігіттердің өнеріне тәнті болдым. Сондай-ақ, өз әріптестерім, Көкшетау қаласындағы №4 орта мектептің ұстаздарынан құралған «Мұғалімдер», астаналық «Грация» командалары тамаша дайындықпен келгендіктерін байқатты.
Қағытпа қалжың, әзіл-әжуа мен шұғылалы би, әуезді ән шалқыған көңілді кеш осылайша өз көрерменін бір серпілтіп тастады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

 

 

«Достар» мәдениет сарайында өткен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасындағы көңілділер мен тапқырлар клубы сайысын да жиналғандар қызыға тамашалады.

 

Көрермендердің арасында облыс  әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары мен жұртшылық өкілдері, жастар болды.
 Іс-шара облыстық әкімдіктің қолдауымен, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің  бастамасымен ұйымдастырылды. Оған облыстық әділет, мемлекеттік кіріс және ішкі істер департаменттерінің талантты жастары қатысып, өздерінің өнерлерімен
көпшілікті  тәнті етті.
Сайыс сәлемдесу, Биатлон және «25 жыл біргеміз» атты үй тапсырмасы түріндегі үш кезеңді қамтыды. КВН-шылардың дайындығы мен сахнадағы актерлік шеберліктеріне, өздерін еркін ұстауларына қарап, көңіліміз толып, іштей қуанып отырдық.
Ойын барысында командалар үй тапсырмасына берілген тақырыпты жан-жақты аша алды. Үнемі қызмет барысында салмақты да байыпты, сыпайы да талапшыл мемлекеттік қызметшілердің сахна төріне шығып, бойларындағы дарынды халыққа көрсетуге тартынбай шыққандықтарына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов те алғыс білдіріп, барша қауымды маңызды мерекеміз – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады және мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды облыстық ішкі істер департаментінің «ДВД құрамасы» жеңіп алды, ал, екінші орынға мемлекеттік кіріс департаментінің «Мемлекеттік кірістер достығы» командасы ие болды. Ал, жүлделі үшінші орын «Әділет» командасының еншісіне бұйырды. Сонымен қатар, «Үздік ойыншы», «Үздік рөл» аталымдары бойынша команда мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар