Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындамыз - АРҚА АЖАРЫ

Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындамыз

Назарбаев зияткерлік мектебіне – 15 жыл

Білім саласында әлемдік озық тәжірибелер негізінде сапалы дамыту мақсатында еліміздің әр өңірінде Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесі  құрыла бастағанда, Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында да сол жылы пайдалануға берілген жаңа да жайлы мектеп ғимаратында  физика-математика бағытындағы осындай білім ордасы ашылған  еді. Бүгінде тұтастай осы өңірдегі инновациялық білім беру орталығына айналып отырған бұл мектепке тұп-тура 15 жыл толып отыр.  

Алғашқы оқушыларына өз есігін айқара ашып, білім айдынына самғата бастаған аталмыш мектепте бүгінгі таңда 745 оқушы білімнің кәусар бұлағымен сусындауда. Мектеп 67 оқу кабинетімен жабдықталған, оның ішінде математика, STEM, робототехника, физика, химия және биология мамандандырылған кабинеттері бар. Сондай-ақ, мектепте үлкен және шағын спорт залдары, футбол корты және сапалы білім беру үдерісіне қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған екі кітапхана жұмыс істейді.

Мектептің негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халықаралық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылар мен мұғалімдер Gale, Scopus, Web of Science және Wiley секілдік дерекқорларын пайдалана алады, бұлар әлемдік білім беру кеңістігіне шығуға мүмкіндік беретін негізгі базалық әлеуетіміз болып табылады. Мектепте жаратылыстану-математикалық пәндерге баса назар аударылып, қазақстандық және халықаралық оқу бағдарламаларын біріктіріп, кіріктіру негізінде Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген бірегей NIS-Programme білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

2017 жылдың маусым айында мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесінің (Council of International Schools – CIS) аккредитациясынан сәтті өтті және 2023 жылы қайта аккредиттеу кезінде халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы бір растады. Бұл жетістік білім ошағының мектеп өмірі мен оқу үдерісін ұйымдастырудың жоғары стандарттарына сәйкес келетін халықаралық білім беру мекемесі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті. Біздің Назарбаев зияткерлік мектебіміздің (NIS)  оқушылары басқа халықаралық мектептермен, соның ішінде Үндістанның Калькутта қаласындағы  «Purwanchal Vidyamandir», Лондон  қаласындағы британдық «Wapping High School» және Польша Республикасының «Szkoła podstawowa nr 43 im. Simony Kossak w białymstoku» мектептерімен бірлескен онлайн-конференциялар мен пікірталастарға қатысып тұрады.

2011-2024 жылдар аралығында мектепті 900-ден астам түлек бітіріп шығып, Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында және шет елдерде білімдерін жалғастырды. Атап айтқанда, түлектеріміздің көбі Назарбаев, Қазақстан-Британ техникалық, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттері мен Ұлыбритания, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы басқа да көптеген елдердің жоғары оқу орындарында білім алды және алып та жатыр.  Мектеп түлектері арасында Ernst&Young, Yandex, Google, Exxon Mobil сияқты халықаралық компанияларда табысты жұмыс істеп жатқандары баршылық. Біз әрине, ондай түлектерімізді әрқашан мақтан тұтып, бүгінгі шәкірттерімізге үлгі-өнеге етіп отырамыз.

Біздің NIS өңірдің маңызды әдістемелік орталығы болып саналады. Білім ордасы «Ауыл мектебі» жобасына енген Бұланды және Бурабай аудандарының мектептері мен облыс педагогтарына әдістемелік қолдау көрсетеді. Оқытушы ұстаздарымыз мен әдіскерлеріміз өңір мұғалімдерімен өз тәжірибелерін бөлісіп тұрады. Осы орайда, педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп, әдістемелік ұсынымдар әзірлейді,  соның айғағындай, облыс мектептеріне 50-ден астам әдістемелік құралдарды жариялап, тараттық.

Мектептің педагогикалық құрамы үнемі ізденіс үстінде және айтарлықтай жетістіктерге ие болып келе жатқандығын заңды деп білеміз. Тек өткен 2023-2024 оқу жылында ғана ұлағатты ұстаздарымыз Сергей Кошкин «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында 1 орынды, ал, Лейла Нұрғалиева «Дарынды мұғалім – дарынды балаларға» республикалық жас мұғалімдер байқауында 2 орынды иеленді. Мектеп мұғалімдері өз әзірлемелеріне авторлық құқық туралы 20-дан астам куәлік алды. Scopus, Web of Science, Сamtree халықаралық базаларына кіретін жоғары импакт-факторы бар журналдарда біздің мұғалімдердің ғылыми мақалалары тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Жалпы, мектепте информатика, биология және химия пәндерінен Ұлыбритания, Нигерия және Гана елдерінен келген үш шетелдік мұғалім сабақ береді. Шетелдік мұғалімдер еліміздегі ұстаздарға қойылатын талап бойынша жұмысқа қабылданардың алдында арнайы конкурстан өтеді, соның нәтижесіне байланысты сұхбаттасуға шақырылады. Содан кейін барып, оқытушы мұғалім болып жұмысқа қабылданады. Оларға қойылатын ең басты талап – ғылыми дәрежесінің болуы. Сонымен бірге, білім ордасында жалпы алғанда, 104 педагог жұмыс істейді.  Олардың ішінде 1 PhD докторы, 3 PhD докторанты, 40 магистр және «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі бар. Мектеп мұғалімдері Сингапур, Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ және жақын шет елдерде халықаралық тағылымдамадан өткен және бүгінгі таңда да өтіп жүр.

Мектебіміздің оқушылары да республикалық және халықаралық конкурстарға, олимпиадалар мен конференцияларға белсене қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Айталық, 2020 және 2023 жылдары оқушыларымыз Ілияс Өмірбеков пен Асылхан Қали республикалық бас командаға іріктеліп, АҚШ-тың Даллас қаласындағы REGENERON ISEF халықаралық жобалар байқауында өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды. 2023 жылы Асанәлі Кәрім мен Диасәлі Кәрім RISE Global Challenge халықаралық әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары атанып, 500 мың АҚШ доллары сомасындағы грантты ұтып алды. Ал, 2024 жылы тағы бір оқушымыз Аружан Жәнібек Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысып, үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін алтын медальды жеңіп алды. Республикалық жас ғалымдар форумында Аружанымыз Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясаттың Алғыс хатымен марапатталды.

Білім ордасы жыл сайын бастауыш сынып оқушыларын ақылы негізде  оқуға қабылдайды. Бұған қоса, әр жылы NIS мектептерінің 7-сыныптарына Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантымен оқуға үміткерлер конкурстық негізде іріктеуден өткізіледі. Ата-аналардың есіне және бір саларымыз, келесі оқу жылына құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 8 қаңтардан 11 ақпанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Кешенді тестілеу 2025 жылғы 27-28 наурызда өткізіледі.

NIS-ке оқуға түсуге дайындық үшін арнайы виртуалды мектеп те бар. Ол үміткер оқушылардың «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндерінен білімдерін арттыруға көмектесетін тегін білім беру платформасы.

Тәуелсіз еліміз бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері алдағы уақытта да жас ұрпақтың болашағын қалыптастыра және өңірдің білім беру жүйесінің әлеуетін дамыта отырып, инновациялық білім беру және халықаралық ынтымақтастық саласында көшбасшы болып қала береді.

Қымбатты ұстаздар мен шәкірттер! Сонау ел егемендігінің екінші он жылдығында негізі қаланған озық білімді мектебіміздің 15 жылдық мерейлі асуы құтты болсын! Білім бағбандары, сіздердің алар биіктеріңіз мол болсын, ал, шәкірттеріміз, өздеріңізге туғызылған осындай жоғары мүмкіндікті тиімді пайдаланып, еліміздің ертеңгі үміт артар ұландары болып қалыптаса беріңіздер!

Аян АЛТЫНБЕКОВ,
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар