Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек бар жерде, лайықты құрмет бар - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек бар жерде, лайықты құрмет бар

«Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалының басшылығы Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өздерінің еселі еңбектерімен осы салаға елеулі үлес қосып жүрген партия мүшелерімен және белсенділерімен «Достық» үйінде жылы жүздесу ұйымдастырып, сый-құрмет көрсетті.

Салтанатты рәсімде алдымен сөз алған партияның облыстық филиалының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Анар Аяпбергенова өз сөзінде биылғы ауа райының облыс диқандар қауымы үшін айтарлықтай сын болғанын атап өтті. Партияның аты да айтып тұрғанындай, оның қанатының астына негізінен, ауыл шаруашылығымен, соның ішінде жер-анамен өмірлері біте қайнасқан ақадал маңдай тер иелері тартылған. Олар биылғы жауын-шашыны шамадан тыс мол, сол ерекшелігімен де ауыл еңбеккерлерінің көңілін көп қобалжытқан ауыр жылы табиғаттың барлық қиыншылығына төтеп беріп, облыс бойынша бұрынғыдан ең  мол астық жиналуына жан-тәндерімен, бар күш-жігерлерін сала білді. Осы тұрғыда залда отырған сала өкілдеріне ризашылығын білдіре келе, Анар Сайлаубекқызы:

–Ауыл шаруашылығы – біздің аймақтың негізгі экономикалық тетіктерінің бірі. Облыста тамақ өнімдерін өңдеу саласында да жаңа кәсіпорындар ашылып, озық технологиялар өндіріске енгізілуде. Мұның өзі экономикамыздың ілгерілеп, ақмолалықтардың тұрмыс деңгейінің артуының бір кепіліне айналып отыр десек артық емес, – деп марапат иелерін сахнаға шақырды.

Сөйтіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан ерекше үлестері үшін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Зейнегүл Саттыбаева, Жарқайың ауданы Уәлиханов ауылындағы «Пламя» шаруа қожалығының жетекшісі Евгений Рыжков және «Жұмысшы-астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бригадирі Қайрат Сыздықов ведомстволық награда – «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медаліне ие болды.

Осы ретте, жауап сөз алған Евгений Рыжков:

–Биыл астық жақсы болғанымен, сапасы әртүрлі болғанын да білесіздер. Әр жылы құрғақшылық болама деп, күмәнданатын біз биыл ылғалдың шамадан тыс көп түсетіндігін күтпеген едік. Осындай қиындықтарды жеңе отырып, өсірген астығымыз, оны сату мәселесіне тоқталсақ, өтпей отырған жайы  бар. Әрі бұл жағынан баға саясаты да көңілден шықпауда. Айталық, бесінші класты астықтың бір тоннасы небары 40-45 мың теңге ғана тұрады. Бұл біздің шығындарымызды да жаппайды. Осындай проблемалар да кездесіп отырғанымен, мемлекеттің биылғы қолдауына риза екендігімізді айтпасқа болмайды. «Кең дала-2» мемлекеттік бағдарламасы көп көмегін тигізуде. Лизинг бағдарламалары да аграршыларға жақсы мүмкіндіктер туғызып отыр. Осының арқасында жағдай тұрақталып, бәрі дұрыс болады деген ойдамын, – деп өз көңілге түйгенін ортаға салды.

Оның айтуынша, Жарқайың ауданында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.Соның ішінде «Ауыл» партиясынан сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары да ортақ істен шет қалған емес. Жолдардың салынып және жөнделіп, ауыз су, кадр мәселелерінің шешілуінде осы партия мүшелерінің еңбегі баршылық. Олар тұрғындардың жеке мәселелерін шешіп, қол ұшын беруде де белсенділік танытып келе жатқандығын айтпай болмайды.

Салтанатты жиналысташақырылған тағы бір топ партия белсенділері ауылды дамыту жолындағы қажырлы еңбектері үшін Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал, мерекелік шараның өзі тартымды концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар