Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы заңын бұзуды әдетке айналдырған - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы заңын бұзуды әдетке айналдырған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  Ақмола облыстық департаменті биылғы жылдың тоғыз айының ішінде қаржысының жалпы ауқымы 11,6 миллиард теңге болатын 118 кәсіпорынды тексерді. Тексеру қорытындысына сәйкес 8,4 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.

Тарата айтар болсақ, 91,7 миллион теңгенің қаржы талаптарын бұзушылығы, оның ішінде ағымдағы шығындарға  байланысты, мемлекеттік активтерді пайдалану және басқаруға байланысты, трансферлер мен субсидияларды таратудағы, бухгалтерлік және қаржылық есеп жүргізуге байланысты заңсыздықтар бар.  1,5  миллиард теңге қаржы рәсімдеуге қатысты заң талаптарын бұзушылықтар орын алған, оның ішінде ағымдағы шығындарға байланысты заңсыздықтар, бюджет қаржысы бойынша бухгалтерлік есеп пен бюджеттік есеп бойынша заң талаптарын бұзушылықтар, мемлекеттік активтерді  пайдалануға қатысты заң бұзушылықтар болған. 6,8 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары мемлекеттік сатып алуға байланысты болғандығы анықталды.
Бюджет заңдарының талаптарына сәйкес, жоғарыда аталған қаржы заңдарына қатысты жол берілген олқылықтарға орай 91,7 миллион теңге көлеміндегі келтірілген залал бюджетке қайтарылуға жатады. Осы орайда, департамент тарапынан мынадай шаралар қолданылды: есепті кезең ішінде анықталған заң талаптарын бұзушылықтарға қатысты аудит нысандарына 112  талапхат жолданып, оның 110-ы орындалды,  2-еуі ішінара орындалды.
Қаржы заңдары талаптарын бұзушылыққа жол берген 131 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың үшеуіне атқарып жүрген қызметіне лайықсыздығы ескертілді.  Департамент тарапынан қолданылған осындай шаралардың нәтижесінде 90,5 миллион теңге қаржы бюджетке қайтарылды. Бұл барлық қайтарылуға тиісті қаржының  98,6 пайызы.
668,2 миллион теңгенің  5 мемлекеттік сатып алу шарасы өзгертіліп,  205,2 миллион теңгенің  екі сатып алу шарасы қайта қаралды. Мемлекеттік сатып алуға қатысты заңсыздықтарға орай, департамент қызметкерлері тарапынан 46 талапхат жазылып, жауапты тұлғаларға қатысты 4,8 миллион теңге айыппұл салынды.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз ойының ішінде департамент жалпы ауқымы 389,4 миллион теңгенің  6 материалын құқық қорғау органдарына жолдаса,  оның 5-еуі бойынша қылмыстық іс ашылды.

Оспан ОМАРОВ,
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар