Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрбан айтпен құттықтады - АРҚА АЖАРЫ

Құрбан айтпен құттықтады

Облыс әкімі Сергей Кулагин Құрбан айтында Науан хазірет атындағы  Көкшетау орталық мешітінде болып, айт намазына  жиналған мұсылман қауымын қасиетті мейрамымызбен құттықтап, шынайы тілегін жеткізді.

Ислам күнтізбесіндегі ең айшықты екі мерекенің бірі – Құрбан айтқа арналған діни рәсімге жиналған адамдардың көптігінен мешітте ине шаншар орын болмады. Жүздерінен қуаныш лебі есіп, көңілдері шаттыққа толған жамағат қастерлі мерекеге арналған айт намазына да ыстық ыждаһатпен қатысты.  Құрбан айт мерекесіне арналған шараны ашқан облыс имамы Қанат Қыдырмин бұл мейрамның тағылымы жайлы айта келіп, елімізде ислам дінін кеңінен насихаттауға барынша көңіл бөлініп отырғанын  атап өтті.

– Бұл мерекенің ғибраты өте зор, – деді бұдан әрі сөз алған өңір басшысы Сергей Кулагин.
– Бұл күні жауласқандар қаруларын тастап, ымыраға келген. Жаны жабырқаған жандарға жанашыр болып, қамқорлық жасаған. Яғни, ислам діні – ізгілік пен мейірімділіктің, қайырымдылық пен қам-қоршылықтың асыл арнасы саналады. Қазір әлемдегі болып жатқан оқиғаларға көз салсаң, қырғиқабақ  соғыстардың бейбіт тұрғындарға қауіп-қатер төндіріп отырғанын байқайсың.
Біздің еліміз Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында  жүздеген ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында ұйыстырып, бірлік пен ынтымаққа үндеп отыр. Осындай ынтымағымыздың жарасқанының нәтижесінде қазақ елін бүкіл әлем таныды, әрі жай ғана танып қоймай, бейбіт сүйгіш ел ретінде сыйлайды. Біз осы құндылықтарды қадір тұтуымыз керек.
Мешітке жиналған қауым иық тірестіріп, айт намазын оқыды. Осыдан кейін құрбандық шалып, айтшылаған жамағат мерейлі мейрамның мейір-шапағатына бөленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар