Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді

⚡️ Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 11 ұлттық ЖОО бар, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48.

⚡️ Білім алушылар құрамы 642,5 мыңнан астам адамды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6 мың адам, оның ішінде бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докторантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада – 2,1 мыңнан астам адам оқиды.

⚡️ Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды, оның 46,5%-ның ғылыми дәрежесі бар (2023 жылы – 44,5%). Ғылым кандидаттарының саны – 10,5 мың адам (2023 жылы – 10,4 мың), ғылым докторлары – 2,7 мыңнан астам адам (2023 жылы – 2,6 мыңнан астам), PhD докторлары – 4,1 мыңнан астам адам (2023 жылы – 3,7 мыңнан астам).

⚡️ Кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл санап артып келеді. 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінді (2023 жылы – 88,2 астам), оның ішінде 78,2 мыңнан астамы бакалавриатқа, 13,1 мыңы магистратураға және 2,9 мыңы докторантураға берілді.

📍 Жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына (Абай, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстары және Шымкент қаласы) жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінеді.

✔️ Байқау қорытындысы бойынша 412 жетім бала, 382 мүгедектігі бар жан, көпбалалы отбасындағы 3,5 мың астам бала, толық емес отбасындағы 933 бала, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы 437 бала оқу грантын иеленді.

Биыл қабылдау рәсімін өзгерту нәтижесінде 1,6 мыңнан астам этникалық қазақтар білім гранттарын алды (2023 жылы – 804).

📱 @KZgovernment

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар