Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар жанына жаңашылдық жақын - АРҚА АЖАРЫ

Жастар жанына жаңашылдық жақын

Жуырда Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Samgau»  форумы өтті. Аталмыш іс-шара осы мектеп оқушылары мен түлектері арасында өзара  қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ, тәжірибе мен білім алмасуға арналған алаң болып табылады.

Форум аясында оқушылар түлектерге жоғары оқу орындарына түсу бойынша сұрақтарын қойып, олардың кеңестері мен ұсыныстарын тыңдап, өзара байланыс орнатып, осы жолдан өткен түлектердің қолдауына ие болды. Форумда алғашқылардың бірі болып сөз алған 2021 жылғы түлек, The Chinese University of Hong Kong білім ошағының студенті Даниил Огнеев білім алуда ең бастысы, түсіну екенін атап өтті.

– Сабақ барысында жаңа тақырыпты немесе ұғымды оқып-үйренгенде, оны өзіңізден кіші ініңізге немесе қарындасыңызға түсіндіре алатындай деңгейде меңгеруге тырысыңыз. Егер сіз мұны жасай алсаңыз, демек, сіз шын мәнінде түсіндіңіз», – деп ой бөлісті Даниил. Сондай-ақ, ол беделді университеттерге оқуға түскісі келетіндерге мынадай кеңес беріп, өз тәжірибесімен бөлісті:

–Дайындықты алдын-ала, ертерек бастаңыз. 9-10 сыныптардан бастап портфолио жинап, олимпиадалар мен хакатондарға қатысыңыз.11-ші сыныпта университеттердің бағдарламаларын, қолжетімді гранттарды және шетелде тұру ерекшеліктерін зерттеуге баса назар аударуыңыз керек. Сізді қызықтыратын университеттің түлектерін тауып, қажет болған жағдайда олармен байланысқа шығу мүмкіндігін қарастырған жөн. Оқуды өзіңізге ұнайтын салаға бағыттаңыз, өйткені, бұл білім алуды қызықты әрі пайдалы етеді.

Сонымен қатар, форум қатысушылары Alumni NIS түлектер бірлестігінің қызметімен, олардың жаңа жобаларымен, тың бастамаларымен жақынырақ танысты.

Осындай форумдар оқушы балалар үшін пікір алмасу алаңы ғана емес, олардың мамандық таңдау жолына бағыт беретін, болашағына жол ашып, орасан зор әсер ететін маңызды һәм мәнді іс-шара екендігі анық.

   Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар