Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Достық дәнекері - АРҚА АЖАРЫ

Достық дәнекері

Облыс әкімі Сергей Кулагин Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдап, өзара әңгімеде ынтымақтас ел мен ақмолалықтар арасындағы мәдени-экономикалық байланысты нығайту жолдарын қарастырды.

Ақмола облысына осы сапарында елші және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде  болып, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен және  студенттерімен кездесті.
Шарада сөз алған оқу орнының ректоры, профессор, заң ғылымдарының докторы Мәди Елубаев әр білім ордасы үшін тәрбие мен оқыту үрдісін бірге алып жүру мерейлі міндет екенін атап өтті. Осы ретте, жастарды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеп, оларға мемлекеттік тілді үйрету үшін университет қабырғасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Өркен» жастар ұйымы нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Кездесуде сөз алған елші Анатолий Ничкасов екі елдің стратегиясы мен дамуында бір-біріне ұқсас сабақтастық бар екенін тілге тиек етті. Әлемдегі орын алып жатқан көптеген келеңсіздіктерге қарамастан, екі мемлекеттің серіктестігі тұрақтылық пен азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түсуде. Үш ел арасындағы кедендік одақ шеңберінде әр мемлекет өз мүмкіндігін жүзеге асырып, экономикалық әлеуетін арттыруда қыруар жұмыс атқарып келеді.
Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, аталған оқу орнының құрметті профессоры Анатолий Башмаков ұлтаралық келісім мен ұлттық қауіпсіздіктің  бекем болуы халықтың рухымен тікелей байланысты екендігіне тоқталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар