Қамқорлық
Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, Ауған соғысының ардагерлеріне, ТМД-ның тәжік-ауған шекарасында қызмет еткендерге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 1439 ардагерге естелік күндер мен мерекелік күндерге орай, біржолғы әлеуметтік төлемдер ретінде 198 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
2025 жылға осы санаттағы 1426 ардагерге біржолғы әлеуметтік төлемдер үшін облыстық бюджеттен шамамен 140 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова ардагерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында ардагерлер санаториялық-курорттық емделу, тіс протездеу, коммуналдық қызметтерге төлемақы мөлшерін облыстың барлық аймақтарында өтеу сомасын арттыру мәселелерін көтерді.
Айта кету керек, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, ардагерлерге қосымша келесі қолдау шаралары ұсынылады:
Жылына 1 рет санаториялық-курорттық емделу шығындарын өтеу – 40 АЕК-ке дейін (157 280 теңге).
Жылына 1 рет емделуге бару шығындарын өтеу:
- облыстың кейбір аудандарының ардагерлері үшін 20 АЕК-ке дейін (78 640 теңге).
- Жақсы және Жарқайың аудандарының ардагерлері үшін 10 АЕК-ке дейін (39 320 теңге).
- Жылына 1 рет тіс протездеуге жұмсалған шығындарды өтеу – 30 АЕК-ке дейін (117 960 теңге).
- Облыстың бес ауданында коммуналдық қызметтерді өтеу өтемақысы.
Ақмола облысы Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысымен бірге бұл нормалар толық көлемде іске асырылатын Қазақстан Республикасының үш аймағының қатарына кіреді.