Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтіп бара жатқан жылдың жетістіктері айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Өтіп бара жатқан жылдың жетістіктері айтылды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген аппарат кеңесінде жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойылды.

Аппарат кеңесіне құқық қорғау органдарының, облыстық департаменттер  мен басқармалардың, ведомстволардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысын шығара келе, облыс әкімі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанның барлық бағыттарда ойдағыдай дамып келе жатқандығын атап өтті.  Еліміздің табысына астаналық облыстың да қосқан үлесі мол. Ақмолалықтар инвестициялық жобаларды ойдағыдай жүзеге асырып, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жаңа кәсіпорындарды, бірқатар әлеуметтік нысандарды іске қосты.   
– Облыс өнеркәсіп өнімдерінің көлемі бойынша республикада үшінші көрсеткішті иеленсе, тұрғын үйлерді пайдалануға беруден екінші, инвестиция тартудан үшінші орында тұр.   Биыл барлық қызмет салалары  жақсы жұмыс істеді. Әсіресе, құқық қорғау органдары міндет үдесінен шыға білді. Сондықтан, бүкіл республикалық ведомстволарға, облыстық қызметтерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Бұған қоса, аппарат кеңесінің барысында облыста жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету жөнінен тапсырмалар берілді. Сол сияқты,  облыстық қызметтердің басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдардың – жылу, су және электр  қуатымен қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз жұмысын қатаң бақылауда ұстау  тапсырылды. Сондай-ақ, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдарда автокөліктердің қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету орайында жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары басқармасы, «Қазавтожол» филиалы басшыларына тиісті міндеттер жүктелді.
– Әуежай, теміржол стансалары, автовокзалдардың жұмысы ерекше бақылауда болуы тиіс, – деп атап өтті Сергей Кулагин.
Өз сөзінің соңында облыс әкімі жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2017 жыл ақмолалықтар үшін бұрынғыдан да табысты жыл болатындығына сенім білдірді және зор денсаулық, жақсылық, ынтымақ-береке тілеп, еліміздің гүлденіп, өркендей беруіне ізгі ниетін жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар