Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұландарымыз елін сүйеді - АРҚА АЖАРЫ

Ұландарымыз елін сүйеді

Көкшетау техникалық институты төтенше жағдайлар саласына қажетті мамандар даярлайтын республикадағы бірден-бір оқу орны ретінде болашақ офицерлерді өз елін сүйетін қазақстандық патриотизм  рухында тәрбиелеуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде.

Жалпы, мен өз тағдырына риза адамның бірімін. Бішкектен ата-анам кішкентай кезімде Қазақстанға қоныс аударыпты. Өзім Алматы облысының Қапшағай қаласында өстім. Оңтүстік өңірі солтүстікке қарағанда қазақи ғой, содан да болар, мен мемлекеттік тілде судай ағып тұрмасам да, сөздердің мағынасын түсіне алам. 
Кейін Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, оны бітіргеннен соң, осынау білім ордасына қызметке қалдым.   Өзім ассамблеяға 2005 жылдан бері мүшемін. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына алғаш барғаным әлі есімде. Алматыға сессияға баратын болып,  ақмолалық делегация бір поезға отырдық. Орысы, өзбегі, татары мен немісі бар, әрқайсысы өз  халқының дәстүрлі тағамдарын жасап әкеліпті.  Дастархан басындағы арқа-жарқа отырыстан үлкен әсерге бөлендім. Не керек, сол сессиядан арқаланып, ерекше рухтанып оралдық.
Ассамблея мүшесі ретінде ғана емес, қарапайым ел тұрғыны ретінде де мен өзімді осы татулықтың тұғырын биіктетуге жа- уапты адамдай сезінемін. Бұл тұрғыда теңізге құйылған тамшыдай Көкшетау техникалық институты да өз үлесін қосуда. Елімізде ешкімнің де құқығы мен бостандығы шектелмеген. Кез келген оқу ордасындағыдай, бізге де өз қалаулары бойынша сан ұлттың баласы оқу үшін келіп жатады.
Көкшетау техникалық институты Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өртке қарсы қызмет мамандарын даярлайтын республикадағы бірден-бір оқу орны болғандықтан, талапкерлердің еліміздің әр қиырынан келетіні түсінікті. Жасыратыны жоқ, батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстіктен оқуға түскен курсанттар өз жерлестерін іздеп, топ-топтарға бөліне бастайды. Мұндай жіктелудің қауіпті екенін жақсы түсінеміз. Бұған дейін де жаға  жыртыс болып, арты үлкен төбелестерге ұласқан. Біз осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін әр өңірден келген түрлі ұлттың өкілдерін біріктіріп, топтар құрамыз. Осылайша, бір мақсатқа жұмылып, ортақ нәтижеге жұмыс істеу – оларды біріктіріп жібереді. Бұл жерде кімнің қазақ, ал кімнің түрікмен екені маңызды болмай қалады. Олар үшін ортақ тапсырманы дұрыс орындап шығу басты мақсатқа айналады. Мұны айтып отырған себебім, олар болашақ төтенше жағдайлар саласының мамандары. Ал, қасындағы әріптесімен тіл табыса алмай, алауыздыққа жол берген адам басқаны тілсіз жау мен топан судан қалай құтқармақшы? Сондықтан да, оларға өзара татулық ауадай қажет.
Білім ошағында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға келер болсақ, бізде тәрбие сағаттары, курсанттармен жеке әңгімелесулерден басқа, түрлі сайыстар да ұйымдастырылады. Мәселен, оқу ордасында мемлекеттік тілді білетін өзге ұлт өкілдерінің арасынан өзімнің бірнеше мәрте үздік атанғаным бар.  Былтырғы жылдан басталған «Ассамблея – бірлікке жол!» мега-жобасы да институтымызда тиісті деңгейде өткізілді. Оқытушылар мен курсанттар бір сәтте сан ұлттың өкіліне айналып, түрлі халықтың әндерін шырқап, билерін орындады, дәстүрлі тағамдарын әзірледі. Қатаң тәртіппен жүретін әскерилер үшін мұндай шаралар  бір жағынан қызық болса, екінші жағынан өзара достықты нығайта түседі. Тағы айта кететін бір жайт – қалада өтетін кез келген мәдени шарада біздің курсанттар төбе көрсетеді. Мұның өзі олардың жан-жақты өсіп, қалыптасуына игі  ықпал етеді деп ойлаймын.
Бұдан он жылдай уақыт бұрын қатысқан алғашқы сессия мен қазіргі ассамблея сессияларының арасынан өз басым үлкен айырмашылықты байқаймын. Бұл құрылымның Қазақстан халықтары Ассамблеясы емес, Қазақстан халқы Ассамблеясы  болып өз атауын өзгертуі де мені қатты қуантады.  Жуырда ғана өткен ХХІ сессияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев  барша қазақстандықтың санасын сілкінткен баяндама жасады.  Ол бізге бөлісе алмайтын ештеңенің жоғын айта келе, бәрімізді ортақ шаңырағымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Бар қазақстандықты ұйыстырушы ортақ идея  − Мәңгілік ел. Ал, оның тағдырына біздің әрқайсымыз жауаптымыз. Келесі жылы  Ата Заңымыз бен Ассамблеяның 20 жылдығы аталып өтілгелі отыр. Яғни, бұл жыл қолда бар бірлік пен берекемізді базарлайтын, ырысымызды молайтатын жыл болмақ. Біз де өз кезегімізде осы игі істен шет қалмауға тырысамыз. Президентіміз айтпақшы,  мемлекетіміздің гүлденуіне, оның өзгелермен терезесінің тең, керегесінің кең болуына әрбіріміз өз жұмыс орнымызда отырып, өз қызметімізді мінсіз атқару арқылы септесейік демекпін. Бізден елге тиер пайда мен  олжаның үлкені  міне, осы болмақ.    

Николай СКЛЯРОВ,
Көкшетау техникалық институтының өрттен
қорғау және дене тәрбиесі  кафедрасының доценті,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар