ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

2025 жылдың 6-7 наурыз аралығында Ақмола облысында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығуға түрлі құрылымдардың (полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және тағы басқалары) арнайы техникасы жұмылдырылатын болады.

Осыған орай, тұрғындарды сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Оқу-жаттығуды басқарудың облыстық штабы Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9  мекенжайы бойынша орналасады.

Ақмола облысының азаматтық қорғау ақпарат қызметі.

4 Total Views , 2 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар