Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақша күрестің қадірі артқан күн - АРҚА АЖАРЫ

Қазақша күрестің қадірі артқан күн

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залында қазақша күрестен ересектер арасында турнир өтті. 

 

Оған Астана, Көкшетау, Арқалық қалалары мен Атбасар, Жақсы, Есіл, Сандықтау  ауданының балуандары қатысып, күш сынасты. Сегіз салмақ дәрежесінде, барлығы 62 балуан күш сынасып, жанкүйерлердің ыстық ықыластарына бөленді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде қазақша күрестің ардагерлері Қанат Әміров пен Сұлтан Рақышев жас балуандарға табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.  Турнирді ұйымдастырушы әрі жарыстың бас төрешісі Болатбек Қожаевтың Атбасар өңірінде қазақша күрестің дамуына елеулі үлес қосып жүргенін атап өткен артық болмас. Жарысқа  ардагер ба-луандар Сұлтан Рақышев, Қанат Әміров, Абылай Исин, Қажымұрат Ақанов, Болат Кеңесов және еркін күрестен спорт шебері Рүстем Зинданұлы сияқты танымал адамдардың келуі оның мәртебесін көтере түскендей болды. Жарыстың алдында қазақша күрестің дамуына үлес қосқан ардагерлер мен демеушілер және жас балуандар облыстық қазақша күрес федерациясының Алғыс хатымен марапатталды.
Бірнеше сағаттарға созылған белдесуде алқынбай мәреге жеткен, 55 келі салмақта өнер көрсеткен  Жақсы ауданының балуаны  Ерлан Сыздықпаев жүлдегер атанды. Ал, 60 келі салмақта астаналық  Зарубай Абылай,  70 келілік салмақта сандықтаулық Райымбек Шамиғанов,  80 келілік салмақта көкшетаулық Әсет Жүнісов, 90 келілік салмақта атбасарлық  Нұрлан Рауят, 90 келіден жоғары салмақта Рүстем Зинданұлы  өз салмақ дәрежесі бойынша турнирдің чемпионы атанды. Жасөспірім балуандар арасында абсолюттік чемпион атағын астаналық балуан Сапарғали Бауыржан  жеңіп алды.
Турнирдің «Түйе балуаны» атағы көкшетаулық Әсет Жүнісовке бұйырды. Турнирдің ең жас балуандары атанған Алмат Лембаев пен Бахтияр Алтыбаев та  сыйлықтан құр қалған жоқ. «Үздік төреші» аталымы бойынша көкшетаулық Анас Исин,  «Үздік жаттықтырушы» аталымының жеңімпазы астаналық Айдынбек Малкей  болды.  Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне Атбасар ауданының дене шынықтыру және  спорт бөлімі, демеушілік көрсеткен  аудандық «Атбасар» және «Простор» газеттері, Атбасар ауданы тілдерді оқыту орталығы себепкер болды.

Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ.

Суретте: жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  марапаттау сәті.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар