Жас өнертапқыштар үздік атанды

Астанада өткен республикалық деңгейдегі FIRST Robotics чемпионатында Көкшетау білім-инновация лицейінің оқушылары керемет жетістікке қол жеткізді. 2025 жылдың 12-13 сәуірі аралығында өткен чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысты.

Бұл додада Көкшетау білім-инновация лицейінің Sipinine командасы нағыз топ жарып, Inspire Award Winner, Winning Alliance Captain санаттары бойынша жеңімпаз атанды. Сөйтіп, олар осы жарыс алаңында бірден екі бірдей марапатқа ие болды.

Бұл — Қазақстан тарихында бір команда екі чемпиондық туды қатар иеленген екінші жағдай болып отыр. Бүгінде көкшетаулық 10-сынып оқушыларының үздік нәтижеге қол жеткізгеніне барша білім саласының өкілдері қуануда. Бұл жарыстағы жалпы нәтиже бойынша оған 4 команда қатысып, 3 команда жүлделі орындарға ие болды. Жас ғалымдарымыздың бұл жетістігін біз де өз тарапымыздан жоғары бағалап, мұны Көкшетау білім-инновация лицейі ұжымының сапалы білім мен тың идеяларға негізделген еңбегінің жемісі деп сеніммен айта аламыз. Жарайсыздар, жас өнертапқыштар, Қазақстанның атын әлемдік деңгейде таныта беріңіздер дегіміз келеді!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар