Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкейдегі өтініш-тілектерін жеткізді - АРҚА АЖАРЫ

Көкейдегі өтініш-тілектерін жеткізді

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова өңірлік кәсіпкерлік палатасында жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті.
Кездесуге «Көкшетау-Транс-Газ», «Көкшетау автобус паркі», «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Степногорск подшипник зауыты» ЕПК», «Қазақалтын»ТКМК» акционерлік қоғамдарының басшылары тәрізді өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтары мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Осы ретте, «Степногорск подшипник зауыты» ЕПК» акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Томилов зауыт пайдаланып отырған электр қуатының ақысы жергілікті монополистер тарапынан қымбаттап отырғанын атап өтті. Осының салдарынан  зауыт қажетті электр қуатын сырттан тасымалдауға мәжбүр екенін айтып, жергілікті монополистердің жұмысына ренішін білдірді.
Ал, «Көкшетау-Транс-Газ» серіктестігінің басшысы Батыр Әшіровтың айтуынша, облыс орталығында 2012 жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорын өтпелі кезеңде қираған газ шаруашылықтарын қайта қалпына келтіруде. Серіктестіктің құрылыс монтаж жұмыстарымен айналысуына тиісті құжаттары бар. Осы күні облыс орталығында барлығы 47 газ тарату қондырғысы іске қосылды. Бұл 109 көпқабатты тұрғын үйдегі 6 мыңнан астам пәтерді газбен қамтамасыз етеді. Алайда, өзекті мәселелер де жоқ емес. Жеткізіп берушілер тарапынан қажетті газ көлемі толық қамтамасыз етілмей отырған көрінеді. Бұл мәселені шешуге облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы да түрлі себептермен құлықсыз болып отырған жайы бар. Кездесу барысында бұдан өзге мәселелер де көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Кездесуді қорытындылаған Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова барлық сауалдарды жазбаша түрде қабылдап, алдағы Парламент отырысында көтеретінін атап өтті.

 

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар