Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді - АРҚА АЖАРЫ

Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Мәжіліс депутаты, Парламенттегі экономика және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт Қазбекова облысымызға жұмыс сапары кезінде Бурабай ауданында кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдап, шағымдарын тыңдады. 

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының  аудандық филиалында өткен қабылдауда депутатпен бірге жергілікті заң, табиғи монополияға қарсы күрес, тұтынушылар құқығын қорғау мекемелерінің өкілдері болды.
Алдымен, «Бурабай су арнасы» кәсіпорнының жергілікті кәсіпкерлерден қосымша қызметтері үшін төлемақы алу жайы талқыланды. Зерделей келе, аталмыш мекеменің бұл ісі заңға қайшы келетіні анықталды. Халық қалаулысы осы мәселе бойынша арнайы зерттеме жасалып, депутаттық сауал негізінде шешім қабылданатынын айтты.
Жергілікті кәсіпкерлер палатасының заңгері кәсіпкерлерге су есептегіштерді тексеру мақсатында «тырнақ астынан кір іздегендер» қыруар айыппұл салатын мысалдарды жайып салды. Бұл жерде «Су арнасы» өкілдері өздерін сүттен ақ, судан тазамыз деп қорғап бақты. Бұл бір ғана жай емес. Көпшіліктен осындай шағымдар жиі түсетіндіктен, бұған көз жұма қарауға болмайды.
Кәсіпкерлердің тағы бір тобы ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік көмекке қолы жетпей жүргендерін айтып, арызданды.  Мәжіліс депутаты оларға тиісінше қолдау жасайтындығын жеткізді.
Қабылдау барысында Меруерт Қазбекова Бурабайда қазіргі заманғы туристік бизнесті өркендету аса маңызды екеніне тоқталды. Парламентте қабылданатын заң жобаларын талқылау кезінде қарапайым кәсіпкерлердің құқығы басты назарға алынатынын айтты.
Биылғы жаңа жылдан бастап көп заңдар өз күшіне енді. – Бұл алдағы уақытта кәсіпкерлердің емін-еркін жұмыс істеуіне жол ашатын болады, – дей келе, халық қалаулысы бизнес жайын ұдайы назарда ұстап, кәсіпкерлерге қолынан келген көмегін көрсететініне сендірді. Қабылдауға келген кәсіпкерлер депутатқа өз ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін айтты.  
Бұдан кейін халық қалаулысы облыстық телеарнаның «Өзекті мәселе» бағдарламасына қатысып, кәсіпкерлік саласы бойынша тұрғындарды толғандырған жайларды кеңінен түсіндіріп берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар