Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы өзгерді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы өзгерді

2016 жылдың 15 желтоқсанындағы №816 Үкімет қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізіліміне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы, не болмауы туралы анықтама беру» жөніндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметі  ендігі уақытта «Соттылықтың болуы, не болмауы туралы анықтама беруге» ауыстырылды.
Қызмет көрсету атауындағы бұл өзгеріс азаматтарға соттылық туралы анықтаманы оның жойылуын немесе алынып тасталуын ескере отырып беруге негізделген. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөніндегі стандарт және регламент бекітілгеннен кейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарында (ХҚКО) және электронды үкімет порталында беріледі.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, бұл стандарт көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш ай көлемінде әзірленіп,  бекітіледі. Осылайша 2017 жылдың 2 тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған соттылықтары жойылған, болмаса алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алатын болды.
Стандарттың жобасы қазіргі уақытта https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=881748 сайтында жариялы түрде талқылау рәсімінен өтуде. Кез келген  адамның жариялы талқылауға қатыса отырып, өзінің  ой-пікірін білдіруіне мүмкіндігі бар.
Барлық қажетті мәліметтер мен анықтамаларды Көкшетау қаласы, Вернадский көшесі, 5 б/1  мекен-жайы бойынша  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ақмола облысы  бойынша басқармасынан алуға болады. Телефон: 76-18-31, 76-18-50, факс: 76-19-62, email: akmola1@pravstat.kz.
Талғат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыстық басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар