Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Майдангерлер марқайған мереке - АРҚА АЖАРЫ

Майдангерлер марқайған мереке

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан бір топ  көкшетаулық Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-сияпат жасады.

Бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге әрдайым құрмет көрсету қашанда парыз. Әсіресе, Ұлы Жеңістің 70 жылдығында ардагерлерге қамқорлық танытып, бір сәт көңіл бөлуіміз маңызды. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ардагерлерді мекен-жайы бойынша Жаңа жыл мерекесімен  құттықтап, сый-сияпат жасаудың орны бөлек. Бұған кез-келген ардагер лайықты. Бұл жолы алғашқы болып, Елбасының сәлемдемесін облыс әкімі Сергей Кулагин көкшетаулық Ұлы Отан соғысының ардагері Асылбек Дәулетовке жеткізді.
– Елбасы барлық әкімдерге Жаңа жыл қарсаңында Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерін құттықтауды тапсырды. Бұл біз үшін үлкен парыз. Біздерге бейбіт өмір сыйлаған сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. Сіздердің жағдайларыңызды Мемлекет басшысы өз бақылауына алып отыр. Сол себепті Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Елбасының құттықтауын сіздерге жеткізіп отырмыз,– деді өз сөзінде облыс әкімі.
Қарт жауынгер сол жерде риза болып, өңір басшысына рахметін айтты. Елбасына да ризашылығын білдірді.
– Осы игі істі бүкіл ел болып, қолға алып отырған халқыма, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз. Арада 70 жыл өтсе де, миллиондаған жазықсыз адамдардың өмірін жалмап кеткен қанқұйлы соғыс күні бүгінгідей көз алдымда. Сіздер соғысты көрген жоқсыздар. Біз аға буын өкілдері тағдыр-талайы сол зұлматты жылдармен тұспа-тұс келген ардагерлер ендігі арада әлемде бейбітшілік мықтап орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын мамыражай қалпынан арылмаса екен деп тілейміз, – деп ағынан жарылды ардагер.
Бұдан кейін облыс әкімі Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан тағы бір жерлесіміз  Александр Кияткиннің үйіне барып, Елбасы атынан сый-сияпат жасады. Өңір басшысы үйіне өзі келіп құттықтаған қарияның қуанышында шек болмады.
Сол күні Ұлы Отан соғысының ардагері Бүркітбай Батырханов та қуанышқа кенелді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қарияның үйіне барып, Елбасы атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Осы орайда, Бүркітбай Батырхановқа келетін болсақ, 1942 жылы тамыз айында Кеңес армиясы қатарына алынып, Орлов-Курск доғасындағы, Польшаны, Чехославакияны жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан кейін комсомол, партия қызметтерінде болды. 1953 және 1957 жылдары Қызылту аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Мәскеудегі арнайы бөлімнің меңгерушісі, кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін Көкшетау облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып абыройлы қызмет істеді. Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін»  жауынгерлік медальдарымен марапатталған. Кейінгі кездері лауазымды қызметтерді атқарып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты. Қазір Көкшетау қаласында тұрады. Өз сөзінде 90-ды бағындырған Бүркітбай
Батырханов барша қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, осындай қуанышқа бөлеп жатқан Мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді.
– Әркім мынау жарық дүниенің, нұр сәуленің, жарқын тіршіліктің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек. Бейбітшілік шуағына малынған қас-қағым сәтке жететін қазына болмайтын шығар, сірә. Сондықтан да, осы жарқын күндерімізді кемел келешекке ұластыру үшін бейбіт заманның қадір-қасиетін жан-дүниеңмен ұғынсаң ғана, ет жүрегіңмен сезінсең ғана осынау ұлы іске өз үлесіңді қоса аласың. Біздің ұрпағымыз соғыс дейтін сұрапыл сөзді естімесінші. Байтақ даламызда ақ ажалдың оғын себелейтін мылтық даусы шықпай, оның орнына бейбіт өмірдің жыршысы бозторғайдың шырылы әлдилеп тұрсыншы. Жаңа жыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан халқына тек жақсылық әкелсін, – деді соғыс ардагері Бүркітбай Батырханов.
Жалпы, бүгінгі күні Ақмола облысында 226 Ұлы Отан соғысының ардагері тіркелген болса, оның 72-сі Көкшетауда тұрады. Осы орайда, облыс әкімі алдағы жылы 75 мың теңгеден ауған соғысының, 150 мың теңгеден Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бірреттік әлеуметтік төлемақы беру ретінде көмек көрсету жөнінде бюджетке ұсыныс енгізілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол Ұлы Отан соғысына қатысқан өңірдегі барлық ардагерлерге осындай құрмет көрсетілетінін атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар