Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәрбие ісінде ойынның да маңызы бар - АРҚА АЖАРЫ

Тәрбие ісінде ойынның да маңызы бар

Жас ұрпақты саналы, зерделі етіп тәрбиелеу мемлекетіміз алға қойған басты міндеттердің бірі.

 

Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің  шұғылалы шуағына бөленсе, мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиетінің негізі қаланады. Бала ойын барысында өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойын әдісінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда баланың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Балабақшада тәрбиеші  көрсету, түсіндіру, нұсқау беру, сұрақтар қою сияқты тәсілдермен ойын әрекетін үйлестіре отырып, жоспарлауды көздейді. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Көкшетау қаласындағы №4 «Еркемай» балабақшасында барлық топтарда әрдайым түрлі ойындар өткізіліп отырады.
Соның ішінде ерекше тоқталып кететін, өзімнің білімімді жетілдіруге байланысты сюжеттік рөлді ойындар. Мұндай ойынның негізгі мақсаты –  әртүрлі мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі туралы білімдерін жетілдіру. Сюжетті-рөлді ойын арқылы баланың тілін, ой-қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Балаларды әңгіме, сұрақ-жауап, ойын, есте сақтау, диалог арқылы сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті-рөлді ойындар барысында балалар рөлге бөлініп, қойылым көрсетеді. Қарым-қатынас кезінде бірін-бірі түсініп, диалогты  құрай алады. Балалар мамандық иелерінің кейпіне еніп, еліктеп,  берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, білімдерін көрсетеді.Сонымен қатар, рөлдерді ойнағанда балалардың қызығушылығы артып, қуанышты бір ерекше әсерде болады. Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді. Әр мамандықтың қаншалықты қажетті екенін түсінеді.Мысалға алатын болсақ, «Дәрігер» ойынында денсаулықтары жайлы әңгімелеседі. «Құрылысшы» ойынында құрылыс заттарын дұрыс пайдалануды, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауды, «Дүкенші» ойынында сатушы мен сатып алушылардың арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты реттей алуға және т.б. үйренеді.  
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да, ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз.

Қарлыға БАТАНАСОВА,
Көкшетау қаласындағы №4 «Еркемай» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар