Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті аппарат кеңесін өткізіп, осы аптадағы жұмыс кестесімен таныстырды.
Осы аптада облыс әкімі Бұланды және Астрахан аудандарында болып, өңірлердің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығарып, алдағы міндеттерін айқындайтын болады.
Сонымен қатар, облыс басшысы биыл жаңадан салынатын және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін әлеуметтік нысандардың жай-жапсарына көңіл бөлді. Кеңесте облыс басшысы Көкшетау қаласының әкіміне кезінде Кеңес үкіметі үшін күрескен революционерлердің аты берілген саябақты қалпына келтіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, көктемгі көгалдандыру жұмыстарын да осы бастан ойластыру қажеттігіне тоқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты