Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діннен асқан ілім жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Діннен асқан ілім жоқ

Бір уақ өткенге  көз салсақ, кезінде ауыл, аудан халқы есікке құлып салу дегенді білмейтін. Үй иелері бір жаққа жолаушылап кетсе, үйге ит, құс кірмес үшін есікті жіппен орап, жай бекіте салатын. Ол заманда ел аузында «обал болады», «ұят болады» дейтін иманды сөздер жиі айтылатын. Бүгінде мұның бәрі ертегіге айналғандай.

 

Қазір үлкендер ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың темір құрсауына түскендей күй кешсе, жастар өз болашағын байлықпен байланыстырады, бақыттың басты тірегі ақша деп біледі. Ақша болса бәрін де сатып алуға болады деген түсінік бел алған. Бұл ұғымның қатерлілігі – бүгінгінің кей жастары байлыққа қандай да бір лас жолмен жетуден тайынбайды. Бас уайымы – баспана мен ішер ас, киер киім  болып бара жатқан оларды түзу жолға салып, адал еңбек етуге үндеу де оңай емес. Міне, осындай қилы заман, қиын кезеңде Ислам діні – адамның тәні мен жанын тазартатын қуатты қару. Осы тұста Ислам дінінің негізін қалап, әлем бейнесін жақсылыққа қарай мәңгілікке өзгерткен адамзат тарихындағы мәңгілік ұлы тұлға – Мұхаммед Пайғамбардың рухани мұрасы келер ұрпақ, кемел тарихпен бірге жасай бермекші. «Біздер, Еуропа халықтары, мәдениетіміз айрықша дамығанымен, Мұхаммедтің ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес». Мұны немістің ұлы ақыны  Гете айтқан.
«Егер қазіргі әлемді басқару құқығы Мұхаммед секілді бір адамға берілетін болса, ол барлық мәселелерді майдан қыл суырғандай оп-оңай шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық пен бақыт әкелер еді. Мен ертеңгі Еуропаның Мұхаммед дінін қабылдайтынын болжаймын, тіпті Еуропа оны қазірдің өзінде қабылдай бастады». Бұл әйгілі Бернард Шоудың сөзі.
Ал, ұлы Абай не деген: «Балам закон білді деп мақтанар ата-анасы, ойында жоқ олардың шариғаттан шамасы».
Аудан орталығы Ақмол ауылында қасиетті жұмада өткен Мәуліт мерекесінде Астананың «Тағылым тамшылары» атты балалар театрының өнерпаздары жұртшылықты керемет ой толғанысында қалдырды. Ұлттық рухани сырға толы өлеңдер оқылып, әдемі сазды әуендер мен әндер орындалды. Солардың ішінде «Дүние керуен», «Йә, Рассул Алла», «Уақыт қадірі», «Қазақ елі» сияқты шығармалардың көпшіліктің көңілінен шыққаны аян. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бойындағы асыл қасиеттер дәріптеліп, оның бәрі бізден бұрын жасаған ата-әжелеріміздің кең пейіліне ерекше жол ашқанын жас өнерпаздар да әсерлі жеткізе алды. Себебі, қазіргі адамдардың, әсіресе әйелдер мен қыздарымыздың мінезінде ондай асылдық бой көрсетіп отырған жоқ. Мейірімімен шырайлы жандар бүгінде жиі ұшыраспайды.
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) үлкенмен де, кішімен де жылы шырайлы қарым-қатынас жасаған жан. Соны өзінің құдай қосқан жары Айшадан, балалары Қасен,  Құсайыннан, қызы Фатимадан да талап еткен.
Бұл алқалы жиынды өзгеше қырымен өткізген Целиноград ауданының бас имамы Әділ Мархаба қажыға айтылар алғыс бір төбе. Тағылымы зор іс-шараның тартымдылығы сондай, мәдениет үйінің ішінде мүлгіген тыныштық тұрды. Жұрттың осы кешке  ынта-ықыласы да шексіз болды. Жиналған халықты айтулы мерекемен аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев  құттықтап, өз сөзінде Целиноград ауданының бірсыпыра елді мекендерінде жаңадан мешіт салынып жатқандығын баса атап өтті. Қараөткелде бір мезгілде екі мешіт салынып жатыр. Ал, Ақмолдағы мамыр айында тапсырылатын Алланың үйінің жөні бәрінен ерекше.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы, облысымыздың бас имамы Қанат Қыдырминнің де осы Мәуліт мерекесіне арнайы келіп, мағыналы да терең сөз сөйлеуі игі шара шоқтығын тіпті көтеріп тастады. Сол күні «Малика» мейрамханасында ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туған күні құрметіне арнайы ас беріліп, дұға бағышталды. Алла сіздерге әрдайым жар болсын, қадірлі ағайын!

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Суретте: Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнің Мәуліт мерекесінде сөз сөйлеп тұрған сәті.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар