Универсиаданың ашылуына 5 күн қалды

Алматы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадасының ашылу салтанаты күн санап жақындай түсуде.

Қазіргі таңда мегаполисте соңғы дайындық шаралары жүріп жатыр. Қала айтарлықтай әрленді, көшелерден универсиада логотипін жиі байқауға болады. Сондай-ақ, универсиадаға арнап салынған спорттық нысандардың да қаладағы сәнді ғимараттар қатарына еніп үлгергенін көре аласыздар.
Бұған дейін хабарланғандай, универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы универсиада ойындары бағдарламасындағы 12 спорт түріне екі мыңға жуық атлет әлемнің түкпір-түкпірінен жиналмақ. Универсиада барысында 3000 ерікті қызмет етсе, 30 мыңға жуық қазақстандық, шетелдік туристер Алматыға келеді деген болжам бар. Универсиада ойындарының телетрансляциясы 80 елде көрсетіліп, 1 миллиард телекөрермен аудиториясын қамтымақшы.
inform.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар