Күн тәртібінде  әлеуметтік маңызды жобалар тұр

Сенатор сапары.

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов жұмыс сапары аясында Ақмола облысында болып, облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевпен бірге Бурабай және Бұланды аудандарының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап көрді.

Бұл жұмыс сапарының мақсаты әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, білім беру, мәдениет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңғырту жұмыстарын бағалау болып табылады.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды таныстырды. Атап айтқанда, Кенесары ауылында 120 орындық клуб пен Қатаркөл ауылында 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысы, «Звёздный» балалар лагерін жаңғырту, сондай-ақ, Жасыл мен Шиелі елді мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, сенатор Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің жұмысымен танысып, оқу базасын одан әрі дамыту мәселелеріне қанықты.

Бұланды ауданында да бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралап, оның барысында, Вознесенка ауылындағы жаңа көпір мен Мәдениет үйінің құрылыс алаңы, Қараөзек ауылына кіреберіс жолдың жөндеу жұмыстары және Мәдениет үйін қайта жаңарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, білім беру мекемелеріндегі, атап айтқанда, Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі мен Макинск қаласындағы №1 орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарына назар аударылды.

Аудан басшыларымен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен және мердігер ұйымдармен кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Сенатор Талғат Жүнісов аудандардың даму қарқынына оң баға беріп, инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруда кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Ол азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған келешегі бар жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар мәселелерді дер кезінде және тиімді шешу үшін барлық деңгейдегі билік органдарының үйлесімді жұмысы қажеттігін ерекше атап өтті.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар