Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек кодексіндегі өзгерістермен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек кодексіндегі өзгерістермен танысты

Облыстық ауруханада «Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Кеңес Бекішевтің қатысуымен  жаңа Еңбек кодексіне арналған жиналыс өтіп, еңбеккерлердің құқығын қорғау,  жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру мәселелері жан-жақты әңгіме өзегіне айналды. Жиналысты  облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов ашып, жүргізіп отырды.

– Өткен жылдың басында жаңадан қабылданған Еңбек кодексінде әлемдік дағдарысқа байланысты көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын, – деп бастады сөзін Кеңес Бекішев. –  Жаңа Еңбек кодексінде 18-ге толмағандарды енді ойын бизнесіне, түнгі ойын-сауық, көңіл көтеру орындарына, алкоголь, темекі, есірткі заттарын өндірумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты жұмыстарға қабылдауға тиым салынған. Егер осыған дейін жасөспірім жұмысқа өтінім бергенде, олардың ата-анасы немесе асырап алушылары жазбаша түрде келісім беріп, әрі еңбек шартына бірге қол қоюы тиіс болса, қазіргі жағдайда еңбек шартына жасөспірімнің қол қоюы жеткілікті болып есептеледі. Зейнеткерлік жасына жеткен жұмысшылардың одан әрі жұмыс істеу, еңбек ету проблемаларына қатысты да жаңа Еңбек кодексінде өзгерістер бар. Мысалы, қолданысқа енген жаңа құжатта енді зейнет жасына жеткен азаматтармен еңбек шарттарын бұзу қажет болса, жұмыс беруші қызметкердің жоғары  біліктілігі мен кәсіби шеберлігін ескере отырып, еңбек қатынасын жалғастыруына мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, жұмысшы 63 жасқа толған күннен бастап онымен бір ай ішінде еңбек қарым-қатынасы тоқтатылуы мүмкін. Бірақ, соңғы шешім тағы жұмыс берушінің еркінде. Біз өткен жылы бірқатар елді мекендер мен мекемелерді аралап жаңа Еңбек кодексін жалпыға түсіндіру жұмыстарын жандандырған болатынбыз. Биылғы жылдан бастап осы үрдісті жалғастырып отырмыз, – деді өз сөзінде Кеңес Бекішев.
Жиында сөз сөйлеген «Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ләззат Есжанованың айтуынша, құнды құжаттағы өзгерістерге байланысты жұмысқа қабылдаудағы сынақ мерзімін белгілеуде де ерекшеліктер бар екен. Мәселен, осыған дейін Еңбек кодексі бойынша жалпы сынақ мерзімі 3 айдан аспауы тиіс болатын. Ал, қазіргі еңбек заңы басшылар мен орынбасарларына, бас есепшілер, филиалдар мен өкілдіктердің басшыларына  6 айға дейінгі сынақ мерзімін тағайындау мүмкіндігін қарастырады. Одан басқа, бұрынғы Еңбек кодексінде егер жұмысшы сынақ мерзімі кезінде жоғары лауазымға жұмысқа ауыстырылатын болса, онда ол сынақтан өткен болып саналатын. Ал, қазіргі кодекс бойынша мұндай жағдайда да сынақ мерзімі жалғаса береді. Сондай-ақ,  одан бөлек, жұмысшының еңбек демалысының уақыты бойынша да өзгерістер бар. Бұрынғы заңда кезекті еңбек демалысынан жұмысқа кері шақыру туралы жұмыс берушінің талабын орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды деп тікелей атап көрсетілген болатын. Қазіргі кодекстен бұл талап алынып тасталған. Тек қана, жұмысшыны демалыстан шақырту оның жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады деген талап қалдырылған. Бұрын көзделмеген нормада кезекті еңбек демалысын бөліп алған жағдайда, оның бір бөлігінің ұзақтығы 2 аптадан кем болмауы керек. Бұрын қарастырылмаған тағы бір норма – жұмыс беруші шетелге, тәлімгерлікке оқуға жіберген жұмысшысына оның жұмыс орнын сақтай отырып, кезекті еңбек демалысын беруі қажет.    
Ақ халатты абзал жандар жиналған шара барысында облыстық прокуратураның аға прокуроры Дидар Ерғалиев және тағы басқалары сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Айта кету керек, еңбек қатынастарына байланысты сауалдары бар аурухана қызметкерлері жиыннан соң  облыстық кәсіподақтар бірлестігінің қоғамдық қабылдауында өз өтініш-тілектерін білдірді.
 
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар