Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жүйенің берері аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жүйенің берері аз емес

Прокуратура органдары жұмысының негізгі өлшемдерінің бірі – халықтың сенімі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы түрлі инновациялық жобаларды қолға алуда.  Солардың бірі ретінде «Айқын» жобасын алуға болады. Қызмет көрсетудің электронды жүйесіне негізделген бұл жоба өзінің жақсы жақтарын қазірдің өзінде анық көрсетуде.

Қол жеткен жетістіктермен шектеліп қалмай, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті тексеру нысандары мен субъектілерінің біркелкі тізілімі жүйесін жасап, енгізді. Автоматтандырылған жүйе ұдайы заң бұзушыларды анықтап, оларды қай уақытта тексеру қажеттігін нақтылап отырады. Биыл қаңтарда күшіне енген жаңа Азаматтық кодекс бойынша автоматты тексеру жүйесі өткен тексерулердің нәтижесін іріктеп алып, оған талдау жасайды. Мұның бәрі адамның араласуынсыз іске асырылатындықтан, заң бұзушылықтың жолын кесуге игі ықпалын тигізетіні анық.
Біркелкі тізілім жүйесінде, сондай-ақ, «Тексеру картасы» жасалған. Нақты қазіргі уақыт өлшеміндегі тексеру картасында кәсіпкердің  бұрын жүргізілген тексерістер  нәтижесінде жинақталған заң бұзушылықтарға байланысты рейтингі көрсетіледі. Бұл рейтинг кәсіпкердің тұтынушылар алдындағы қызмет өлшемі бағасын айқындайды. Адамдардың кәсіпкер ұсынған қызмет немесе тауардың сапасына деген сенімі де сол рейтингке байланысты қалыптаспақшы. Өйткені, онлайн режимінде ашық көрсетілетін рейтингті кез-келген адам қалаған уақытында  көре алады. Сонымен бірге, бұл жүйе кәсіпкердің тексеру барысы мен нәтижесін осы режимде қарап, хабардар болып отыруына мүмкіндік береді.  «Айқын» жобасы 2013  жылдың
1 сәуірінде іске қосылған болатын. Прокуратураның мемлекеттік органдардың қызметін онлайн режимінде тұрақты түрде бақылап, қадағалауына мүмкіндік беретін бұл жоба қызмет көрсету барысындағы заңсыздықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Жоба іске қосылған кезден бергі өткен уақыт оның тиімді жақтарын анық көрсетіп отыр. Ал, биылғы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын есепке алудың автоматты жүйесіне көшті. Электронды жүйенің артықшылықтары қазірдің өзінде анық байқалуда.
 Енді адамдардан қағазға жазылған арыз-шағымдарды қабылдап, оны журналдарға тіркеу сияқты қағазбастылықтардың бәрі жойылды. Құқық қорғау органдарында жаңа технология кеңінен қолданылуда. «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет порталы бұрын жұмыс істеп келген «Қылмыс картасы» сервисі негізінде жасалған. Картаға енгізілген жаңалықтар арада үш-төрт минут өткенде қолжетімді болады. Яғни, оны кез-келген адам көріп, оқи алады. Бүгінгі күні «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендер бойынша жасалған.
Мұның бәрі қылмыстық заң бұзушылық жағдайларын үнемі бақылап, талдап отыруға мүмкіндік береді. Оның тағы бір жағымды жағы, ендігі арада азаматтар үйлерінде отырып-ақ, полицияға арыз жазып, өз арыздарының қалай, кім қарап жатқандығын, нәтижесін интернет арқылы көріп, біліп отырады.  Бүгінгі таңда Құқықтық статистика комитетінің басқармасы жаңа жүйенің жұмысы туралы халықты хабардар ету мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Осындай кездесулер «Алтынтау-Көкшетау», «ENKI», «Тыныс» сияқты ірі кәсіпорындарда, «Арна» колледжінде болды.  Алдағы уақытта аудандарға шығу да ойымызда бар.
Айнагүл ЖАНӘДІЛОВА,
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар