Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысшы мамандар тапшы - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысшы мамандар тапшы

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Кәсіптік білім және бизнес серіктестер диалогы» атты ІV аймақтық форумда  облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов сөз сөйлеп,  сала басшыларына келелі міндеттер жүктеді. 

Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова алдымен, әлеуметтік серіктестер болып табылатын «Есіл Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Сейілхан Нұрбаевпен, «Сұлулық және шаштараздар жетекшілері» қауымдастығының төрайымы Ирина Паташковамен және Щучинск қаласының қазандық-механикалық зауытының бас инженері Александр Семенцевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
–Кәсіптік және техникалық білім беру саласында оқып жүрген жастардың көбі бұл мамандықтарды өздерінің жүрек қалауларымен таңдаған емес. Сол себептен, қатардағы құрылысшы, сылақшы, дәнекерлеуші, токарь сияқты мамандықтарға қызығушылықты арттыруды мектеп партасынан-ақ бастау қажет. Кейбір бойында дарыны мен қабілеті бар оқушылар тұрмыс жағдайының төмендігінен осы мамандықтарды таңдап жатады. Алайда,  қызығушылық болмаған соң олардан болашақта жақсы маман шығуы екіталай. Сондықтан, кәсіптік немесе техникалық мамандықтардың беделін көтеру мақсатында баршамыз жұмылып жұмыс істеуіміз қажет, – деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.
Облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 42 оқу орны бар болса, олардың 27-сі мемлекет меншігінде. Аталмыш оқу орындарында оқушылар 97 мамандық және 139 біліктілік бойынша білім алуда. Бүгінгі таңдағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуында кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ жұмыссыз жүрген жастарды қайта даярлау  ісін қолға алу қажет. Себебі, азаматтардың кәсіби білім алуы арқылы олардың нарық заманында бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру бүгінгі күннің басты талабы  болып отыр.
Форум барысында сөз алған «Той дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Елена Мащинская:
– Біз «Бота» қорымен бірлесіп халықаралық жобаны ұтып алдық. Жоба бойынша тілі байланған және құлағы нашар еститін балаларды оқытып, жұмысқа қабылдай аламыз. Тәжірибеден өту барысында олардың еңбектерін тегін пайдаланбай, жұмыс істеген кезеңдеріне ақы төлейміз. Мұндай балалармен жұмыс істеген ыңғайлы. Өйткені, олар өтірік айту, алдау сияқты адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ, –деп ағынан жарылды. Сондай-ақ, форумның күн тәртібі бо-йынша облыс қалалары мен аудандарында орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары оқыту барысындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды.
Форумда мемлекеттік және жеке меншік серіктестігі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен ынтымақтасып жұмыс істеген бір топ басшылар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың ішінде облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, Степногорск подшипник зауытының бас директоры Анатолий Томилов, «Есіл Агро» ЖШС-нің директоры Асылбек Исмағамбетов, «Тыныс» АҚ директоры Мұхтар Керейбаев, Атбасар электровоз жөндеу зауытының директоры Нұрмұхамбет Пулатов және «Аждар и К» ЖШС-нің директоры Аждар Тайшытаев бар. Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Багапова білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестердің басшыларын облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапаттады.
«Кәсіптік білім және бизнес серіктестер диалогы» атты ІV аймақтық форумда әлеуметтік серіктестер қатарын көбейту, кәсіптік және техникалық білімге жастарды көбірек тарту, жұмыссыздарды қайта даярлау арқылы жұмыспен қамту мәселелері жан-жақты қаралып, сала басшыларына осы бағытта жұмыла еңбек етудің қажеттігі талап етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар