Бірдің кәсібі –  мыңның нәсібі

Тіршілік

Бұл күнде адал маңдай термен өз нәпақасын табамын деген адамға кәсіптің үлкен-кішісі жоқ. Мұны бүгінгі нарық заманы да барынша дәлелдеп келеді. Бүгінгі таңда облысымызда халықтың едәуір бөлігі өз-өздерін жұмыспен қамтамасыз етушілер қатарына жатады.

Олар қолдарынан келгенше өздеріне белгілі бір кәсіпті таңдап, соның арқасында қоғамға масыл болмай, өз отбастарының күнделікті ішіп-жемін айырып отыр. Сөйтіп, бақуатты тұрмысқа негіз қалап, ешкімнен де кем еместей күнкөріс қамын жасап жүргендер де бар. Кейбірінің дөңгелетіп жүрген шаруасы шағын болса да, соның өзі бүгінгідей алмағайып заманда қарап отырмау жағдайынан туындап, осындай жандарға үлкен құрмет және түсіністік сезіммен қаратады.

Көкшетау орталық базарындағы өткен-кеткендерге немесе арнайы келіп, өзінің заттарын сатып алатындарға сонда сауда қызметін көрсетіп тұрған әрбір жанға өз тарапымыздан осы бір өмірге деген ұмтылыстары үшін ризашылық сезімін білдірсек те артық емес. Өйткені, олар осы бір еңбегімен қанатымен су сепкен қарлығаштай, мысқалдай болсын халықтың күнделікті мәселелерін шешіп, соған қол ұшын беруде.

Суретте: сондай сатушылардың бірі Ардақ Жақыпбаевтың шағын сауда орнынан да келушілер үй тұрмысына керекті ұсақ-түйектерін тауып, алғысын жаудырып кетіп жатады.

Суретті түсірген Нұрболат Бектұрғанов.          

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар