Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тиісті жұмыс жалғасады - АРҚА АЖАРЫ

Тиісті жұмыс жалғасады

Елбасының биылғы жарияланған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бүкіл азаматқа қауіп төндіріп отырған терроризм және экстремизмен күресу керектігі  баса айтылды. Елбасының Жолдаудағы тапсырмаларына орай, елімізде терроризммен күрес шаралары күшейтілмек. Әсіресе, Президент қоғамда радикалды құбылыстармен байланысты қылмыстарға «мүлде төзбеу» принципін қалыптастыруды тапсырды.
Сондықтан, діни экстремизмнің қауіптілігі жайлы үзіліссіз түсіндіру шаралары жүргізілетіні сөзсіз. «…Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек…», деп алға қойған міндеттерінің шынымен жаны бар. Өйткені, осы күні сотталғандардың барлығының бірдей абақтыдан жазасын өтеп шыққан соң жұмысқа орналасып, жағдайы түзеле бермейді. Қазіргі кезде бұл бағытта сотталғандарды бейімдеу, осы күні сұранысы жоғары кәсіби мамандықты меңгеріп шығуы үшін нақты жұмыстар жүргізілуде. Сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыруға келетін болсақ, түрмеге түскен лаңкестер мен экстремистер бас бостандығынан айыру орындарындағы әлеуметтік ортаға кері әсер етіп жатқан жайы бар. Өйткені, лаңкестер мен экстремистер өзінің «сеніміне» берік және дәстүрлі құндылықтарды мойындамайды. Олар өздерінің идеологиялық көзқарас жүйесін өте қатал қорғайды және өзге көзқарастарды қабылдауы оңайға түспейді.  Сыртқы ауыртпалықтар мен бас бостандығынан айырылу – өз сенімінің берген сынағы ғана деп қабылдайды. Сондықтан, көзқарасы тұрақсыз өзге азамат түрмеге түскен кезде, ол бірден радикалдар үшін оңай олжаға айналады. Сол себепті, қазіргі кезде түрмелерде радикалдармен теологтар арнайы жұмыс істеуде.  Оған қоса, радикалдарды қайта қоғам өміріне бейімдеу, дәстүрлі көзқарастарға оралту үшін түрлі оңалту орталықтары жұмыс жасауда. Оларға түрлі арнайы әдістемелік құралдар да шығарылуда. Мұның барлығы сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыруға бағытталған.
Ал, сот жұмысының тиімділігіне келетін болсақ, облыстық соттар сот отырыстарын аудио және бейне тіркеудің жетілдірілген жүйелерімен жабдықтаған. Облыс соттары сот ісін жүргізуде электрондық технологияларды қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында, яғни,  халыққа қызмет көрсету орталықтарында, вокзалда және сауда орталығындағы азаматтарға қолайлы жерлерде «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» электрондық сервистерінің қызметтері туралы ақпараттық баннерлер орнатылды. Көкшетау қаласының орталығында азаматтар үшін қаланың басты көшелерінде «Сот кабинеті» электрондық сервисінің қызметі туралы билборд орнатылған. Соттарда азаматтарға электрондық құжаттарды жолдау үшін компьютер техникасымен жабдықталған үстел қойылған.
Соңғы кездері сот қарайтын істер санының көбеюі негізінен даулы істердің өскенін ғана емес, сондай-ақ, қарапайым жұртшылықтың сотқа деген сенімінің де арта түскенін айғақтайды. Осы тұрғыдан алғанда, сот қарайтын істер қатарының өсуін уақыт талабынан туындап отырған табиғи құбылыс деп санау қажет. Еліміз бағыт ұстанған құқықтық-демократиялық қоғамда барлық даулы істер сот арқылы шешімін табатыны белгілі. Яғни, қарапайым жұртшылық өз құқықтарын сот арқылы қорғауға бет бұра бастады деген сөз.
Ал, енді сот қараған істер санының көбейгеніне қарамастан, істерді қарау мерзімінің бірде-бір бұзылу жайы орын алмаған. Судьяларымыз жүктеменің көптігін желеу етпей, істі созбай, әрдайым белгіленген уақытта қарауды дәстүрге айналдырғаны байқалады.
Елбасымыздың азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот шешімдерін белгіленген мерзімде жедел қараудың маңыздылығы туралы айтқаны белгілі. Судьяларымыздың  осы тапсырманы ойдағыдай орындап жатқанын жоғарыдағы  жай анық байқатады. Бұл орайда, Жолдаудағы міндеттер де басты жұмыс бағытына айналары сөзсіз.  
Нұрғазы ӘБДІҚАНОВ,
облыстық соттың төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар