«Батыр қыздың» билеріне жан сүйсінеді

Өнер

Көкшетау қалалық «Достар» мәдениет сарайы жанындағы «Батыр қыз» би ансамблі 30 талантты қыздан құралған өнер ұжымы. Барлық қатысушылар өз істеріне жауапты қарайтын және хореография өнерінде үнемі өз-өздерін жетілдіру, дамыту жолына талпынатын жігерлі жастар.

Ұжымның жетекшісі – тәжірибелі педагог және хореограф Алена Закариянова. Оның кәсібилігі, қатысушыларды өнерге, әрбір жаңа биге шабыттандыра білуі және ансамбль құрамындағы әр қызға құрмет пен сыйластықтан тұратын жақсы көзқарасы арқасында топ жаңа деңгейге көтерілді. Алена ханымның жетекшілігімен «Батыр қыз» ансамблі репертуарын кеңейтіп, би техникасын, оның ырғақтылығы мен көркемдігін жоғары деңгейге көтеруде. Топ негізінен, халық билерін орындайды.

2025 жылы Астана қаласында өткен «Жұлдызды жаз» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауында «Батыр қыз» би ұжымы «Шалқыма» Гран-при жүлдесіне ие болды.

Бүгінгі таңда Алена Сергеева «Батыр қыз» ансамблінің ерекше шығармашылық бейнесін қалыптастыруға ұмтылуда. Соның арқасында бұл ұжым өзіндік стильді, мәдени дәстүрлерге құрметті және ұлттық болмысты үйлестіре біледі. Ұжым жетекшісі әрбір қатысушының шығармашылық әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөліп, кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

«Батыр қыз» – бұл жай ғана би ұжымы емес, жоғары талғам мен шеберліктің айқын үлгісі. Топ табысты дамып, Көкшетау қаласы мен облысымыздың мәдени өміріне елеулі үлес қосып келеді. Ансамбль мүшелері өз өнегесімен жастарды шабыттандырып, хореография өнерінің беделін көтеруде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар