Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел арасында түрлі пікір туғызған 26-бап туралы айтып берді - АРҚА АЖАРЫ

Ел арасында түрлі пікір туғызған 26-бап туралы айтып берді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рашид Түсіпбеков өңірімізге келген жұмыс сапарында облыстық әділет департаментінде болып, осы еңбек ұжымымен кездесті және Елбасы Жолдауы, билік өкілеттігін бөлуге қатысты Конституциямызға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша жан-жақты түсінік берді.

Сенатор Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көтерілген елімізде жүргізілетін Үшінші модернизациялаудың бес басым бағыты тәуелсіз мемлекетіміздің әлемнің бәсекелестікке қабілетті отыз елінің санатына енуіне үлкен ықпалын тигізетінін атап өтті.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер Үкімет пен Парламенттің құзыретін кеңейтіп, оған қоса, өз міндеттеріне деген жауапкершілігін де арттыра түспек. Конституциядағы өзгерістер сондай-ақ, сот және қадағалаушы орган болып табылатын прокуратураның қызметін онан әрі жетілдіруге де қатысты болмақ. Сенатор әсіресе, бүгінде халық арасында үлкен пікір туғызып отырған Конституцияның 26-бабына қатысты өзгеріске де тоқталып өтті.
Бұл өзгеріс еліміздің азаматтарының ғана емес, шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың сатып алған меншіктерін қорғауға бағытталған және ол елімізге инвестиция тарту ахуалын жақсартуға игі ықпалын тигізбек. Бұл баптың жерге қатысты меншікке ықпалы жүрмейді. Өткен жылы  Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге Мемлекет басшысы бес жылға мораторий жариялағаны белгілі. Осы орайда, Конституцияның бұл бабындағы өзгерістің жерге қатысты емес екендігін атап өтті Сенат депутаты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар