Отырыс барысында мемлекеттік өңірлік саясатты дамыту мәселелері талқыланды. Сараптамалық кеңес мүшелері республикадағы ағымдағы жағдайға алдын ала талдау жүргізді және аталған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.
Экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімімен құрылған және оның бірінші отырысы 2016 жылғы 9 желтоқсанда өтті.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдықтарын іске асыру үшін ел Үкіметі 2,4 триллион теңгеден астам қаржы бөледі.
Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында 2017-2019 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын таныстыра отырып, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.
Оның айтуынша, бюджеттің шығыс бөлігін нақтылаудың басым бағыты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру болып табылады. Осы мақсаттарға бюджетте 2 435 миллиард теңге қарастырылған.
ӘЭД болжамы мен бюджеттік заң жобасын белгіленген тәртіп бойынша Парламент Мәжілісіне өткізуді тапсырды.
Ағымдағы жылы өнеркәсіп өсімі 3 пайыз деңгейде күтілуде.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017-2021 жылдарға арналған Болжамын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.
Оның айтуынша, Болжам ЖІӨ өсімі бойынша және 2016 жылғы экономика салаларын дамытудың, АҚШ долларының есептік бағамын 360-тан 330 теңгеге өзгертудің алдын ала есептік мәліметтерін, сондай-ақ, әлемнің тауар нарықтарындағы ағымдағы үрдістерді ескере отырып, нақтыланған.
Бүгін Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралады.
Үкімет отырысы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде өтеді.
Күн тәртібінде инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы мен Алматы қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада – 2017 өткізу қорытындысы туралы мәселелер қаралады.