Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біраз жұмыстар атқарылған - АРҚА АЖАРЫ

Біраз жұмыстар атқарылған

Қорғалжын ауданының әкімі Қайыр Рыскелдиновтың өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуі болып өтті.

2016 жылы аудан ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін арттыруға қол жеткізді. Жалпы көлем индексі 122 пайызды құрады. Жалпы өнім мен мал басының барлық түрінің көбеюі байқалады. Өнеркәсіпте жалпы көлем индексі 103,8 пайызды құрады. Сондай-ақ, негізгі капиталға тартылған инвестицияның және құрылыс жұмыстарының көлемі біршама көбейді. Мемлекеттік жекеменшік- әріптестік белсенді енгізілуде. Мәселен, Жантеке ауылында 80 орындық жаңа балабақша салынды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында пайдалануға берілген кәсіпкерліктің жаңа нысандары жұмыс орындарын ашуға септігін тигізді. Жоғары нәтижеге ауданның білім саласы қол жеткізді. Осы және өзге де оң істер аудан әкімінің жергілікті тұрғындар алдында жасаған есеп беру баяндамасында атап өтілді. Аудан басшысы 2017 жылы атқарылатын тапсырмалар жөнінде де айтты. Есеп беру баяндамасының қорытындысы жөнінде жарыссөзге шыққандар есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Есеп беру кездесуі барысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады. Шешендер экономикалық өсімнің жаңа модельдерінің, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік және тұрғын үй салаларындағы алдағы өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Кездесуге облыстық ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Болашев, мемлекеттік органдар мен бюджеттік саланың еңбеккерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар