Есірткі мен оның салдарынан сақтанайық

Нашақорлық — елдің соры

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өткізілді.

Отырысқа осы штабтың мүшелері болып табылатын құқық қорғау органдарының, ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт,  экономика және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері қатысты.

Шара қорытындысы бойынша халықтың арасында, соның ішінде қоғамдық орындарда, сауда орталықтары мен мәдениет ошақтарында қоғамымыздағы осы кеселге қарсы алдын алу жұмыстарын күшейту, сонымен қатар, жастар мен бұрын сотталғандардың қатысуымен есірткі таратудың және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу белгіленді.

Есепте тұрған жасөспірімдерді осы кеселдерден сақтандыруға,  кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеуге және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қабылданған шешімдер ведомствоаралық бірлескен іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және халықты есірткі таратуымен байланысты қауіп-қатерден қорғау шараларын күшейтуге бағытталады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар