Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлауалды бағдарлама ықпалы - АРҚА АЖАРЫ

Сайлауалды бағдарлама ықпалы

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен өткен саяси кеңес бюросының отырысында партияның «Қазақстан -2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, облыстың білім беру саласындағы істің жайы қаралды.

Отырысты күн тәртібіне сай партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ашып, жүргізіп отырды. Партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының 2016 жылы жүзеге асырылу жайы туралы Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров баяндады. Облыста бағдарламаның үш бағыты бо-йынша 27 тармаққа бөліп қарастырылған жұмыс жобалары жүзеге асырылуда. Өткен жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында белгіленген 83-тің орнына 94 жұмыс орны қалыптастырылып, жоспар асыра орындалыпты. 2016 жылы 1780 орынға шақталған бес жаңа мектеп бой көтерген.
Атап айтқанда, Щучинск қаласында – 900, Еңбекшілдер ауданының Мақпал ауылында – 80, Целиноград ауданының 96 разъезд және Тайтөбе ауылдарында – 300, Ерейментауда – 200 орындық мектептер салынып, оқушыларға есіктерін айқара ашты. Ал, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мектеп салу қарастырылмапты. Бағдарлама аясында Қытайдан Қазақстанға өндірісті ауыстыру бағытында 24 миллиард АҚШ долларын құрайтын 52 инвестициялық жоба қарастырылып, соның бірін біздің облыстың Жарқайың ауданында жүзеге асыру көзделген. «Масальский ГОК» темір кені базасында «тау-кен металлургиялық кешенінің құрылысын» салу үшін 459,3 миллиард теңгенің жобасы қолға алынуда. Жоба іске қосылғанда 2700-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, баяндамашы ет, сүт өнімдерінің импортын азайту, отандық өнімдерді экспортқа шығару бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Облысымыз «Doing Business» рейтингісінде 41 орыннан өткен жылғы көрсеткіштер бойынша бірден 25-ші орынға көтерілген. Халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында 2015-тен 2019 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй  халыққа жалдамалы негізде пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға да басқарма басшысы кеңінен тоқталып, түсіндірді. Баяндамашы барлық тармақтар бойынша жұмыстар жүргізіліп, белгіленген болжамды нәтижелер кейбір тармақтар бойынша асыра орындалып, кейбір тармақтар бо-йынша жоспарланған деңгейде іске асып жатқандығын атап өтті.
Бұдан әрі сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина өңірде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі жағынан республикада жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп, оның 99,7 пайызға орындалғандығын айтты.  Рес-публика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мен біздің астаналық облыс алғашқы орындардан көрінген. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылса, олардың 76 пайызы тұрақты жұмыс орындары екен.  Инфрақұрылымды дамыту мақсатында облыста 364 жоба жүзеге асырылуда. Оған 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Елбасының биылғы Жолдауын негізге ала отырып, халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар құрылып, жұмыстар жүргізілуде екендігін жеткізді. Отырыс барысында Астрахан ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Людмила Мартыновская да  осы бағытта атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібінде қарастырылған екінші үлкен мәселе – облыстағы білім беру саласы қызметкерлері мен облыстың білім беру жүйесін басқаратын мемлекеттік органдарды  біріктіретін білім беру қызметінің сапасын арттыру жан-жақты талқыланып қаралды. Бұл орайда, Ақмола облысының білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы Ерлан Әбілдиновтің, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарованың баяндамалары тыңдалып, биылғы оқу жылында мемлекеттік аттестаттаудан өткен мектептердің жайы айтылды. Оқушылардың білім сапасының төмендігі, мұғалімдердің біліктілік санаттарына сай келмейтіндігі, оларға біліктілік санаттарын беретін мекемелерге талапты күшейту қажеттігі, директорлардың басқарушылық жұмыстарын қатайту, оларға талапты күшейту бойынша мәселелер талқыланып, білім бөлімдеріне ескертулер жасалды.
Бұдан соң 2016 жылға арналған партияның бірыңғай көрсеткіштері мен индикаторларын орындау бойынша аумақтық филиалдардың есептері тыңдалды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар