Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екпе алуға қарсылық дұрыс емес - АРҚА АЖАРЫ

Екпе алуға қарсылық дұрыс емес

2016 жылы облыста 11529 бала дүниеге келсе, оның тек 11163-і ғана БЦЖ екпесін алған. Соңғы кездері дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын ата-аналар арасында түрлі діни нанымдарды алға тартып, екпе алуға қарсылық білдіру көбейіп барады. Аршалы, Бұланды, Ерейментау аудандарында осы жағдай өте жиі орын алуда. Сонымен бірге, оларда туберкулез ауруының тіркелу жағдайлары жалғасып жатыр.
Бацилла Кальметта – Герена немесе БЦЖ адам ағзасына деген патогенді әсері жасанды ортада төмендетілген сиыр туберкулезі бацилласы атты тірі вирустан жасалатын вакцина. Ол – жұқпалы ауруларды алдын ала сақтау үшін егілетін әлсіз микроб. БЦЖ екпесі туберкулез ауруын тудырмайтын, бірақ, осы ауру түріне қарсы иммунитет тудыратын әлсіретілген вакциналық штамм.
Біздің елімізде екпені сатып алу республикалық бюджет есебінен орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Республикалық ұлттық күнтізбеге сай БЦЖ екпесі жаңа туған нәрестеге алғашқы 4 күн ішінде қатаң түрде тері ішіне, сол жақтағы жоғары үштігіне беріледі.
БЦЖ вакцинасын алғаннан кейін бала иммунитеті 6-7 жылға дейін қалыпты жағдайда болады. 2016 жылы облыс бойынша 6285 балаға БЦЖ вакцинасын қайта жасау ұсынылса, олардың 6167-і ғана қайталап алған. Осылайша облыста БЦЖ вакцинасын алуы тиіс 17920 баланың 17436-ы иммунитетін тұрақтандырып алса, 484-і екпесіз қалды. Екпеден бас тартып жатқан ата-аналар оны зиянды деп санап, екпе құрамындағы фенол, сынап және тағы басқа элементтер балаларының денсаулығына зақым келтіреді деп қате түсінеді. Бұл элементтердің бары рас, алайда, бұл консерванттарсыз екпе жасалмайды.
Өкінішке орай, 2014 жылы біздің облыста БЦЖ екпесін алмаған бір жасар баланың туберкулез менингитінен қайтыс болғаны тіркелді. Сондықтан, балаңызға екпе ектіруге қарсы болу қажет емес. Осы БЦЖ екпесінің арқасында ғана балалар арасындағы туберкулез ауруларының алдын алуға мүмкіндік мол.
Ырысты ШОЛАТАЕВА,
диспансердің балалар
бөлімшесінің меңгерушісі,
дәрігер-фтизиопедиатр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар