Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрілерге кейде тұрақты - АРҚА АЖАРЫ

Дәрілерге кейде тұрақты

Көптеген дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулез – аурудың микобактериялары туберкулезге қарсы ең ықпалды препараттарға тұрақтылық танытатын аурудың ерекше формасы. Туберкулезді емдеу кезінде негізгі принциптерді ұстанбау, бұрын және емделіп жүрген уақытында ем қабылдауды үзе беру секілді әрекеттер осыны қалыптастырады.
Біздің облыста бұл науқастар емделуді облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінен кейін Степногорск қаласындағы диспансерге ауыстырылады, не болмаса облыстық диспансердің Атбасар ауданындағы Мариновка бөлімшесіне жіберіледі. Олардың тамақтануы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
Жоғарыдағыдай көптеген дәрілерге тұрақтылығы бар науқастар саны облыста 472-ні құрайды. Бұл барлық науқастардың 55 пайызы. Бұлардың ішінде 312-сі өткен жылы анықталған. Емдеу тиімділігі облыста 86,3 пайызды құрап отыр. Былтыр «Туберкулезді тоқтату» пилоттық жобасына сай науқастарды жаңа препараттармен емдеу шаралары қолға алынды. Бүгінде 39 науқас аталған жоба шеңберінде ем қабылдауда.
Сәуле СОЛТАНБЕКОВА,
 диспансердің фтизиатр-дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар