Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нобель сыйлығы иегерлерінен дәріс алды - АРҚА АЖАРЫ

Нобель сыйлығы иегерлерінен дәріс алды

Түрлі халықаралық конкурстар-дың жеңімпаздарынан құралған құрамында 10 оқушы бар Қазақстанның құрама командасы Жапонияның Токио қаласында өткен «Сакура» халықаралық ғылыми білім алмасулар бағдарламасына қатысқан еді.

 

Өткен айдың соңында Токио қаласында өткен жапондық «Сакура» ғылыми білім алмасулар бағдарламасына қатысқан 10 оқушының бірі – біздің облыстан химия пәні бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы атанған Ғалымжан Серіков болыпты. Ол – Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы.
Жоба Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің ұйымдастыруымен қолға алыныпты.
Қазақстандық оқушылар онда Нобель сыйлығының иегерлерінен күн сайын дәріс алып, жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарына саяхат жасапты. Бағдарламаға қатысушылар ретінде Токионың жалпы білім беретін мектептеріне барып, өздерінің қатарластарымен араласып, танысқан. Олармен достық қарым-қатынас орнатқан. Балалармен бірге педагог-тәлімгерлер де барыпты. Олар Токио мектептерінде физика, математика және химия пәндері бойынша өткізілген сабақтарға қатысып, оқыту-әдістемелік бағдарламаларына қызығушылық танытып оралды.
–Біз үшін бұл керемет тәжірибе болды. Жапонияда әлемнің ең мықты педагогтары – Нобель сыйлығының лауреаттары бізге дәріс оқыды және біздер ғылыми жұмыстардың прототиптерін жасауды үйрендік. Менің жаныма жақын тақырып – «Органикалық заттардың химиялық технология-лары». Осы бағытта білімімді біраз жетілдірдім. Әлі де көп ізденіп, оқуым керек. Болашақта өз елімнің атын дүниежүзіне танытқым келеді, – дейді Ғалымжан Серіков.
Аталмыш «Сакура» бағдарламасы Жапония мен Орта Азия елдерінің оқушылары арасында тәжірибе және ақпараттармен алмасу мақсатында арнайы өткізіліп тұрады. Жобаны әзірлеушілердің пікіріне сүйенер болсақ, дәл осы елдерде өсіп келе жатқан жастар ғылым және техника саласында болашақта шешуші рөл атқаратын болады деп болжанған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар