Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстық ардагерлер кеңесіне – 30 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Облыстық ардагерлер кеңесіне – 30 жыл

Облыстық соғыс және еңбек  ардагерлері  кеңесінің   құрылғанына  30 жыл толуына орай, облыстық мұрағатта «Ұрпақтар сабақтастығы»   тақырыбында іс-шара болып өтті.

Оған өңіріміздің ардагерлері мен мұрағат қызметкерлері қатысты.  Мұрағаттың  директоры Гүлбаршын Салық  аталмыш кештің маңыздылығына тоқталып, ел игілігі үшін еңбек еткен ардагерлерге жылы лебізін білдірді.
Мемлекеттік мұрағат – құнды деректерді сақтайтын орын.    Өңіріміздің  мұрағат желісіне облыстық мұрағат және құжаттандыру басқармасы мен 21  мемлекеттік мұрағат мекемесі кіреді. Оның біреуі облыстық, үшеуі қалалық және он жетісі аудандық мекеме. Қорда 1,5 миллионнан астам құжат сақталуда.  Солардың ішінде 1987 жылы соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық  кеңесінің  құрылған  кезеңінен бастап ардагерлердің өмірбаяндары, олар жайлы жазылған  естеліктер сақталған.  Сонымен қатар, кеңестің құжаттары, хаттамалар, Кеңес Одағының  Батыры,  Социалистік Еңбек Ері атағын алған ардагерлер жайлы деректер мен төсбелгілер, мадақтамалар  бар.
Аталмыш кеш ардагерлер мен  мұрағат қызметкерлерінің арасында диалогтік бағытта өтті. Мұрағат қызметкерлерінің дені жастарды құрағандықтан, ардагерлер оларға өмірден түйген ойлары мен келелі кеңестерін айтты. Мәселен, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевке Берік Шайсұлтанов  есімді мұрағат қызметкері  «XXI ғасырдың жастары қандай болу керек?»  деген сауал қойды. Өз кезегінде Шияп Әлиев бүгінгі жастардың бойынан ғылым мен білімге деген ерекше ұмтылысты байқайтынын айтты. Оның айтуынша, жастардың бойындағы білсем, көрсем деген  алғырлық жақсы. Бірақ,  адам өз қарабасының қамын ғана ойламай,  мемлекеттің  дамуы үшін, ел игілігі үшін де жұмыс істеуі  қажет.  Шара барысында бұдан өзге Көкшетау қаласының  кешегісі мен бүгінгісі, еліміздің болашағы жайында да сауалдар қойылды.  Ардагерлер сұрақтарға тұшымды жауап берді.  Сонымен қатар, аталмыш мұрағаттың ұйымдастыру және ақпаратты қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы Нәзира Қоқышева  ардагерлерге мұрағат кітапханасын көрсетіп, «Ардагерлер біздің мақтанышымыз» атты көрмемен таныстырды.

Назгүл Рабилова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар