4 желтоқсанда «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қолдауымен Ақмола облысының колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықты біл және жол берме» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға облыстың аудандары мен қалаларындағы 8 колледжден 22 студент қатысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықты төмендетуге бағытталған ұсыныстарды қамтитын эсселер мен бейнероликтерін ұсынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділікті нығайту болып табылады.
Ұсынылған жұмыстар студенттердің бұл тақырыпқа бейжай қарамайтынын, сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа, креативті тәсілдерін ұсына алатынын көрсетті. Жас авторлардың еңбектерінде олардың қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты түсінігі мен көзқарасы айқын байқалды.
Құзыретті қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары төмендегіше анықталды:
I орын:
Филипенко Тимофей — Бурабай ауданы, Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенті.
II орын:
Лагушкин Климентий — Есіл ауданы, Есіл агротехникалық колледжі;
Өмірбек Досхан — Көкшетау қаласының Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі.
III орын:
Урмашов Кирилл — Бурабай ауданы, Щучинск Жоғары техникалық колледжі;
Кишнякина Дарья — Степногорск қаласының Жоғары колледжі;
Қабдрахман Нұртілеу — Ж.Мусин атындағы Көкшетау Жоғары қазақ педагогикалық колледжі.
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ белсенді қатысып, өз идеялары мен шығармашылығын ұсынған барлық студенттерге алғыс білдіреміз.
Бұл бастама жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, қоғамның болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал ететіні сөзсіз.
![]()

